Аягөз аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотында Аягөз аудандық сотының судьялары Б. Оразбек, К.П. Халелованың қатысуымен талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру, қайтару және қабылдаудан бас тарту негіздері талқыланды.

Семинарды сот төрағасы Р.А. Турабаев  аша отырып, өз сөзінде талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру, қайтару, қабылдаудан бас тарту қарапайым халықты әуре сарсанға салатындығын айтып, осы істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. Семинар барысында аудандық соттың судьялары талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру, қайтару, қабылдаудан бас тарту себептерін талқылады.

Аягөз аудандық сотының төрағасы Р.А. Турабаев  семинарды қортындылай келе талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру, қайтару, қабылдаудан бас тарту мәселелерін барынша азайтып, ондай жағдайларды болдырмау жағын қадағалауды баса ескертті.   

Аягөз аудандық

сотының баспасөз қызметі