Архив событий

13/08/2014

Заң қатаң болса да әділ

13/08/2014

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің 2.5 тармағына сәйкес жол-көлік оқиғасы кезiнде, оған қатысы бар жүргізуші көлік құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға),  болған жағдай туралы жақын жердегi iшкi iстер органына кешiктiрмей хабарлауға, көзімен көргендердің тегi мен мекен-жайларын жазып алуға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерінің келуiн күтуге міндетті. Алайда төтенше жағдай пайда болған кезде жол қозғалысына қатысушылар бұл талапты әрқашан есте сақтап орындайды деп айту қиын.