Архив событий

04/08/2014

Адамгершілік пен әділеттілік үшін алғысымды білдіремін...

04/08/2014

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Жамбылұлы Рахметулиннің  атына Семей қаласының тұрғыны А.В. Скабелиден алғыс хат келіп түсті.

Хатында А.В. Скабелин Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ғибрат Әлханұлы сапалы әрі кәсіби сот төрелігін атқару және азаматтармен сыпайы да ізетті қарым-қатынас жасағаны үшін ізгі ниетпен алғыс білдірді.

Жолда абай болыңыздар!

04/08/2014

Көкпекті аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабы бойынша Е. атты азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Әкімшілік іс-материалдарына сәйкес, Е. атты азамат «M.....» маркалы автокөлігімен, қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, қарама-қарсы жол бағытына шығып, өз бағытымен келе жатқан «S....» маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Соқтығыс салдарында жолаушы И-дің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді.