Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы К.Сейтов, «Анықтама сөздік», «Заң» журналы», №4, 2018ж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұл бастаманы мен «Заң» журналы тапсырғандай құқық мәселелеріне ғана арнаймын ба деп ойлағанмын, алайда, қазақ тілінде сөздіктер жетерлік, соның ішінде, құқық саласына арналғандары да аз емес болғанымен, көбінің сапасы сын көтермейді. Сондықтан, неде болса, қазақ тіліндегі сөздіканықтама ретінде зерттеу еңбек жазып көрейін деген оймен осы жұмысқа кірістім.

Сонымен бірге, мақала жазу барысында әр саланың түбінде құқық мәселесі бірге жататындығы, қазақтың теруге түскен әр сөзінің астары да құқық пен заң алаңына алып келетіндігі анық байқалды. Сонымен құқық саласына тікелей байланысы бар ұғымдардан сөздік жасауға ұмтылысымның нәтижесін оқырмандар назарына ұсынуды жөн санадым. Және осы мақалаға байланысты оқырманның ұсыныспікірлерін асыға тосамын.

 Аннотация: Мақала құқық саласына тікелей байланысы бар ұғымдардан анықтама сөздік жасау мақсатын көздейді. Күнделікті өмірде кеңінен қолданылып жүрген қазақ сөздерінің мән-мағнасы жанжақты зерттеледі.

Түйін сөздер: Абсурд, Абсцесс, Абсцисса, Абулия, Абцуг, Абшид, Абштрих.

 Абсурд – қазақ сөздіктері бұл сөзді атамайды. Алайда ОҚС бұл сөзді қазақ тіліне «абсурд, сандырақ, тантық, мағынасыздық» деп аударады. Л.И. Фатееваның «Қазіргі замандағы орыс тілінің этимологиялық сөздігі» бұл сөзді латын тіліндегі «absurdus» деген сөзден шыққандығын айтып, жағымсыз естілетін, көзге оғаш көрінетін деген мағыналар беретінін, бұл сөзге «саңырау, керең» сияқты сөздердің мәндер беретін «surdus» сөзі тамырлас екендігін көрсетіп, сөздің бүгінгі күні сол баяғы «сандырақ, тантық, мағынасыздық» деген түсініктер беретіндігін қайталайды.

Бұл сөзді қазақ тіліне аударудың немесе қазақ тілінде қолданудың қандай қажеттігі бар деген сұрақ бірінші қарағанда орынды болып көрінуі мүмкін. Алайда өнер саласында «абсурдизм» деген сала, орыс тіліндегі драматургия саласында «драма абсурда, театр абсурда» деген бағыттар бар. Бұл ұғымдар қазақ тіліне «абсурдты драма, абсурд театры» деп аударылған.

«Абсурдты драма» дегеніміз – ол Батыс Еуропада 1950-1960 жылдары драматургия саласында пайда болған дүниені мәнсіз, қисынсыз қылып көрсететін бағыт. «Абсурдизм» дегеніміз өнер саласындағы дүние мен адам өмірін мәнсіз, қисынсыз, түсініп болмайтын, керексіз қылып көрсететін бағыт.

Енді «абсурд» сөзіндегі «аб» бөлігін жұрнақ деп есептеп, «сурд» бөлігін бөлек морфема деп алатын болсақ, бұл сөз латын тілінде «саңырау, керең» дегенді ғана емес, сонымен бірге «естілмейтін, тыныш, тылсым» деп те ұғылатындығын көруге болады.

 Жаңағы адам өмірін мәнсіз, қисынсыз, түсініп болмайтын қылып көрсету дегендерді қазақтың «өмір сүру» деген сөзімен де байланыстыруға болады. Сонда «абсурд» дегеніміздің мағынасы «өмір сүре алмайтын, өмірге жарамсызсандырақ, тантық, мағынасыздық» болып шығады. Яғни, «сурд» дегенді қазақтың «сүру» сөзімен байланытырсақ, «абсурд» терминін қазақ тілінде біз «абсүр, абсүрт, әбсүрд» деп қолдана алатын боламыз, себебі сөздің мағынасы өмір сүруге жарамсыздықты білдіреді.

Ал, мұндай жеке түсініктің болуы бүгінгі қазақ тіліне өте қажетті нәрсе. Себебі «өмір сүру» ұғымы бүгінгі күні тірі жанның дүниеде болуымен ғана емес, басқа да нәрсенің дүниеде болуымен байланыстыра қолданылуы қажет. Біз бүгін тірі жан мен өсімдіктің өмірі туралы ғана емес Жер шарының да өмірі туралы айтамыз. Мұның өзі бізді «сүру» сөзін тек өмірге байланысты ғана емес, жалпы не нәрсенің дүниеде болуын білдіруге де байланысты қолдануға итермелеуі керек.

Біз сөздіктерде қазақ тіліне «абсурд» сөзін «сандырақ, тантық, мағынасыздық» деп аудара отырып, аударылған сөздің өзін және бір қайталап «абсурд» деп тағы да бір рет жазып қоямыз. Сосын оны басқа сөздерге байланыстыра «абсурдты драма, абсурд театры» деп қолданбақшы боламыз.

Сонда қазақ тіліне, «абсурдистская пьеса, абсурдистское настроение» дегендерді де «абсурдистік пьеса, абсурдистік көңіл» деп аударуымыз керек пе?

«Абсурд» ұғымы термин ретінде логика саласында да қолданылады. Логикада «абсурд» деп бір тұрақты, қарама-қарсылығы қалыптасқан айтылым аталады. Мұндай айтылымда бір нәрсенің бар екендігі немесе жоқ екендігі бір мезгілде білдіріледі. Мысалы, «Ақиқат бар, ақиқат жоқ» деген сөйлем абсурд болып саналады, себебі логика заңдары бойынша ақиқат бар деп есептелсе, оны дәл сол сәтте жоқ деп санауға болмайды. Мұны логикада қайшылықсыздық заңы деп атайды. Абсурд деп сырттай қарама-қарсылығы көзге бірден көрінбеседе, іштей ондай қарамақарсылықты тауып алуға болатын сөздерде аталады. Мысалы, «Ол баласы жоқ ата-ананың жалғыз ұлы» деген сөйлемде сырттай қарама-қарсылық жоқ, себебі бұл сөйлемде ата-аналарда баланың бар екендігі бір сәтте не бар, не жоқ деп бекітіліп тұрған жоқ, алайда бұл сөйлемнен қарама-қарсылығы анық көрінетін «кейбір балалары жоқ ата-аналардың балалары бар» деген абсурдты ұғымға жол ашылып тұрғандығы айқын көрініс береді.

Сонымен қоса, логикада «абсурд» ұғымын жаңағы айтылған мағынасыздықтан (бессмысленное дегеннен) айыра білу керек. Мағынасыздық дегеніміз не ақиқат емес, не жалған емес, оны дүниеде бар басқа бірдемемен салыстыруға келмейтін бірдеме, себебі ондай айтылымда мән жоқ, ал дүниеде бар нәрсенің бәрінің өзіндік мәні болады. Яғни мағынасыздық дегеніміз дүниеде жоқ нәрсе, ал, жоқ нәрсені басқа бір бар нәрсемен салыстыруға келмейді. «Абсурд» дегеніміз олай емес, оның мәні адамға бірден түсіндіріле жеткізіледі. Ал, мағынасыздықтың мәні жоқ болғандықтан түсініксіз. Яғни мағынасыздықтың әр сөзі дүниеде бар нәрсені меңзесе де, жалпы пайым ойланыстырылмай құралады. «Абсурд» дегеніміз логика іліміне сәйкес әрқашан ойланыстырылған нәрсе. Мағынасыздықтың құрамында мәнсіздіктің арқасында қарама-қарсылықта жоқ, ал абсурдта қарама-қарсылық ылғи да бар болады.

Мысалы, «егер алма өссе, онда ол тікұшақ» деп айтылған пайымдама сөздері түсінікті болғанымен, ешқандай мәні жоқ, іштей қарама-қарсылық та жоқ, тек өзара екі бөлек нәрсені білдіретін алма мен тікұшақ туралы айтылады, не үшін айтылатыны ұғындырылмайды, яғни, мұндай пайым мағынасыздықты көрсетеді. Ал енді, «алма өзара тең екі жартыға үш рет бөлінді» деген пайымды алсақ, мұндай пайым мағынасыз емес, бұл өте ойластырылып айтылған пайым, бірақ абсурд, себебі онда іштей қарама-қарсылық бар. Мұндай абсурдты біз сандырақ, танту екен дей алмаймыз.

Сондықтан «абсурд» дегеніміз шын мәнісінде мағынасыздық емес, ол қарама-қарсылық. Алайда, «абсурд» деген сөзді қазақ тіліне қарама-қарсылық деп аудара салуға болмайды, себебі қарамақарсылық сөзінің өзі қазақ тілінде көпмағыналы термин болып ұғылуы тиіс, оның әңгімесі бөлек.

Логика ілімінде осы айтылғандарға байланысты «абсурдқа алып келу» жолымен дәлелдеу деген өзіндік заңы және бар. Бұл заңнан «егер бір бөлек алынған ұстанымнан қарама-қарсылық шығарылатын болса, онда ондай ұстанымның жалған болғаны» деген ойқорытынды жасалады.

Абсурдқа алып келу дегеніміз ұстанымның қате екендігін абсурдты, яғни қарама-қарсылықты одан алып тастау арқылы жасалатын пайымдау. Ондай пайымдауды логикада егер А айтылысынан В айтылысымен қоса оның бекерлеуі (отрицаниесі) шығарылатын болса, онда А-ның бекерлеуі дұрыс болып табылады деп жазылады. Мысалы, «Үшбұрыш – ол шеңбер» деген айтылыстан үшбұрыштың бұрыштары бар екендігі (себебі үшбұрыш болғандықтан оның бұрыштары болуы тиіс) және оның бұрыштары жоқ екендігі (себебі ол шеңбер) көрініс береді. Біз осы айтылыстан В бөлігін (шеңбер) және оның бекерлеуін (үшбұрыш) алып тастасақ, онда дұрысы шеңбер емес болып шығады, себебі бұл жерде үшбұрышты бекерлеп тұрған шеңбер. Яғни, айтылыстың дұрысы «Үшбұрыш – ол шеңбер емес» болып шығады.

Бұл айтылғандарды басқа бір мысалмен бекітуге болады. «Әр ереженің өз ерекшеліктері бар» деген ұстаным бар екендігі бәріне мәлім. Бірақ осы ұстанымның өзі ереже болғандықтан, аталған ереже «өз ерекшеліктері жоқ жалғыз ереже» болып шығады...

И.С.Тургеневтың «Рудин» атты романында мынандай диалог бар: «Сонымен, Сіздіңше анық көз жеткізетін ешқандай нәрсе жоқ қой? – Иә, ондай нәрсе жоқ. – Бұл Сіздің анық көз жеткізген нәрсеңіз бе? – Иә, дәл солай, анық көз жеткізген нәрсем. – Қалайша олай? Сіз өзіңіз оған анық көз жеткіздім деп тұрсыз ғой... Міне, көрдіңізбе, бұл Сіздің анық көз жеткізген нәрселердің біріншісі деп есептейік» – деп сөзін аяқтайды кейіпкер. Бұл жерде анық көз жеткізетін еш нәрсе жоқ деген қате пікірге, тым болмаса бір анық көз жеткізуге болатын нәрсе бар екендігі туралы пікір қарама-қарсы қойылады, яғни, Сіздің анық көз жеткізуге болатын нәрсенің жоқтығы туралы пікіріңізді бекерлейтін Сіздің анық көз жеткізген ұстанымыздың бар екендігі туралы пікіріңіз қарамақарсы қойылады.

Әрине, күнделікті өмірде мағынасыздықты да, сандырақты да, тантуды да «абсурд» деп атай береді, алайда, ғылыми және заңи жодармен келгенде мағынасыздықтың да, саңдырақтың да, тантудың да өздеріне тиісті бөлек мағыналары бар, сондықтаң да бізге абсурдтың өзіндік ғылыми, заңи және философиялық мағыналарын қазақ тілінде сақтап қана қоймай, дамытада білу керек, ол үшін «абсурд» сөзінің қазақтың әр нәрсенің өмір сүру қасиеті туралы танымдарының бәрін жинақтап, сөздің әр нәрсенің ішкі қайшылықтары салдарынан сол қасиеттең айырылуын көрсетіп тұратын мәнін дәлелдей білу керек.

Абсцесс–бұл термин қазақ тіліне  «ірінді ісік жара» деп аударылады. Терминді тізімге қосып отырған себебім, бұл сөзді де «абс» және «цесс» деп екіге бөліп зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Сонда сөздің «абс» деген бөлігі туралы алдынғы айтылған пікірлермен шектелуге болады. Сөздің «цесс» деген бөлігі туралы «процесс, эксцесс, принцесса» және басқада «цесстерге» тоқталғанда айтармын. Осы айтылғандардың өзінен «абсцесс» деген сөзді ешқандайда ауырумен байланыстырмай қолдануға болатынына, бұл сөздің бастан аяқ жасанды екендігіне көз жеткізуге болады.

Мысалы, ШСС бұл сөзді латын тілінің «abscessu»s деген сөзінен шыққан дейді, бірақ нені меңзейтінін көрсетпейді.

Латын сөздігі «abscedo» деген сөзді «cessi,cessum» деген түрлерімен бірге келтіріп, мағынасын «шегіну, алыстау, бас тарту, бөлініп кету» деп түсіндіреді, «abscessio» сөзінің мағынасын «шегініс, кету, алыстау» деп көрсетеді, «abscessu»s сөзінің мағынасын «abscedo» сөзінің шақтық жіктелуінің түрі ретінде келтіреді.

 Бұдан біз «абсцесс» дегеніміз қазақ тіліндегі «жүріс, барыс, кетіс» деген сияқты сөздердің ар жақ, бер жақтарының бір мағынасы ғана екендігін, ауыру атауы ретінде қолданысқа жасанды түрде енгізілгенін көре аламыз.

Меніңше бұл сөзде «абстракт» сөзімен мәндес сөз, тек «абстракт» сөзіндегі «тракт» бөлігі жол дегенді көрсетсе, «абсцес»с сөзінің «цесс» бөлігі «жүру» дегенді білдіреді.

 Абсцисса – ШСС бұл сөзді латынның «кесіліп бөлінген, бөлініп алыстатылған» деген мағыналар беретін «abscissa» деген сөзінен шыққан, математика саласында жалпақтықтағы немесе кеңістіктегі небір нүктенің орнын түзу бұрышты координат жүйесінде Х өсі негізінде анықтайтыншама осылай аталады деп түсіндіреді.

 Бұл терминді кәдімгі тілмен түсіндіргенде «ордината» терминімен қоса талқылаған жөн, себебі абсцисса Х деп белгіленетін көлденең сызықтан ізделетін нүкте болса, ордината Y деп белгіленетін тік сызықтан дәл солай ізделетін нүкте, яғни ординатаныматематика саласында жалпақтықтағы немесе кеңістіктегі небір нүктенің орнын түзу бұрышты координат жүйесінде Y өсі негізінде анықтайтын шама деп анықтауға болады.

«Абсцисса» терминінде біз «абс пен цисса» деп екіге бөліп қарастыра аламыз. Сонда бұл сөздің де жасанды екендігі бірден көзге түседі.

Сөздің «абс» деген бөлігі абстрация ұғымында қандай рөл атқарса, абсцисса деген ұғымда да дәл сондай рөл атқарып тұр, ал сөздің «цисса» деген бөлігі де «цессия, сессия» ұғымдары сияқты бір көріністің жүру барысын білдіреді.

Қ.Б. Бектаевтың жасаған «Орысша-қазақша математикалық сөздігінде» абсциссатерминіне байланысты «абсцисса абсолютной сходимости» деген ұғым қазақ тіліне «абсолют жинақтылық абциссасы» деп аударылған.

Бұл жерде қадірменді ғалымның еңбегін ешқандай да кемсітпей, айтайын дегенім келтірілген ұғымдағы «абцисса» сөзі де, «абсолют» сөзі де қазақ тіліне аударуды қажет етіп тұрғандығы. «Абсолют» пен «абс» дегендерді қазақ тіліне аударып көрдім, сондықтан сөздің «цисса» деген бөлігі ғана қалып барады.

Әзірге бұл сөз қазақ тілінде «сыйысу» деген мағына бере алады деп атап өтумен ғана шектелмекпін.

Орыс тіліндегі «сходимость» деген сөздің қазақ тіліне «жинақтылық» деп аударылуы да дұрыс емес сияқты.

Себебі, математикада орыс тіліндегі «сходимость» ұғымы сол саладағы «расходимость» ұғымымен ұштасады, ал біздің математиктер «сходимость» дегенді қазақ тіліне «жинақтылық» деп аударып алса да, «расходимость» дегенді қазақ тіліне аудармаған, есесіне «расходящаяся последовательность, расходящийся интеграл, расходящиеся ряд» деген сияқты математикалық ұғымдарды қазақ тіліне «жинақсыз» сөзіне байланыстырып аударған.

 Меніңше, бұл жерде» сходимость» пен «расходимость» деген ұғымдарды қазақ тілінде «түйісу мен тарасу» деп ұғыну әлде қайда жөн сияқты.

 Сондай-ақ, математикадағы орыс тіліндегі «абсцисса абсолютной сходимости» деген ұғымды сол тілдегі «абсцисса условной сходимости» деген ұғыммен ұштастыруға болады, біз бұл жердегі «условное» деген сөзді қазақ тіліне «шартты» деп аударатын болушы едік. Және солай аударып та жүрміз.

 Алайда, «условное» сөзін бұл жерде математикалық термин ретінде қазақ тіліне «шартты» деп аудару дұрыс емес, себебі, бұл жердегі «условное» деген ұғым егер белгілі бір шартты сәттер туындаса «түйісу» мүмкін болады дегенді білдіреді, сондықтан қазақ тіліндегі математикада әңгіме түйісудің шарттылығы емес, мүмкіндігі туралы болуы тиіс.

 Ал, терминдер жөнінде осындай талқылауларды қазақ тілінде жүргізе білуді үйрену бүгінгі қазақ тілінің дамуына қосатын үлесі жағындағы маңыздылығын айтып жеткізудің өзі қиын.

В.Даль өзінің сөздігінде «абсцисса» терминін «абсциса» деп келтіріп, «ординатамен қиылып, өске қарай тігінен баратын дұрыс қисықталынған сызық өсінің бөлігі» деп көрсетіпті.

Бұдан біз «абсцисса» сөзінің термин ретіндегі мағынасы ылғи біркелкі болмай, өзгеріп отырғандығын көре аламыз.

Жалпы, бұл сөзді термин ретінде математикада бірінші болып Р.Декарт қолданған делінеді. Демек, бұл сөз бұрын да болған, алайда мағынасы басқа нәрсені білдірген.

Мен болсам, «абсцисса» терминін өзіміздің сөзден шыққан, бірақ шетелдендіріліп кеткен сөз деп есептеймін, қазақ тілінде «абысынсыйса» деп оқуға болады деймін, себебі сөз ең кең мағынасында АБС деп белгіленетін жалпақтықта орналасқан нүктені табуды меңзейді.

Осы айтылғанға қосатын және бір жайт бар, ол «абсцисса» мен «ордината» ұғымы туралы әңгіме қылғанда «аппликата» ұғымы туралы да айтылуы қажет екендігін атап өту мәселесі.

«Аппликата» деп математика саласында «кеңістіктегі небір нүктенің орнын түзу бұрышты координат жүйесінде Z өсі негізінде анықтайтын шама» деп анықтауға болады. Мұндағы аппликатаның абсцисса мен ординатадаң өзгешелігі оның кеңістік ұғымымен ғана ұштасып жатқандығы, яғни жалпақтық ұғымы жағынан келгенде «аппликата» туралы түсінік қолданылмайды.

Абулия – қазақ тіліндегі психологиялық энциклопедиялық сөздік бұл терминді «тартыншақтық, ерікті жоғалту» деп аударып, жүйке ауруынан туындайтын ерік кемістігі деп түсіндіреді. «Абулия – әрекетті психикалық реттеудің патологиялық бұзылуы. Іс-әрекетке қызығушылығы және нақты шешім қабылдауға қабілеті болмағанда көрініс береді. Психиканың басқарып реттеуші функциясын анықтау арқылы абулия дәрежесін білеміз. Себебіне байланысты «абулия» қысқа мерзімді немесе тұрақты күйде болуы мүмкін. Абулияның ауыр түрі – шизофренияның кататоникалық түрінің қасиетінен көрінеді. Мидың маңдай бөлімінің ауқымды зақымдалуынан пайда болады. Абулия психоневроз күйінде де жиі кездеседі. Абулия ауру адамның іс-әрекетке ынтасының жоқтығымен, қажеттігін сезсе де, шешімді қабылдай алмауы және әрекетті дұрыс жасай алмауынан көрініс табады.Абулияны тәрбиенің дұрыс болмауынан қалыптасатын ерік-жігерсіздік сияқты мінез бітісінен ажырату қажет, себебеі ондай тұлғалық қасиет өзін-өзі реттеуді жүзеге асыру арқылы қайта шынықтыруға келеді. Психопатологияда терең дәрежедегі олигофрения жағдайында кездесетін туа біткен абулия және мидың маңдай бөліктерінің қатты зақымдалуының немесе психикалық аурудың ауыр түрлерінен (депрессия, шизофрения, психоздар, наркоманияның асқынған түрлері және т.б.) нәтижесі болып табылатын абулия болады» деп түсіндірілген аталған сөздікте.

Бұдан біз «абулия» дегеніміз барып тұрған ынжықтық екендігін көре аламыз. Дегенмен де, сөздік ынжықтықтың бетін тәрбие арқылы қайтаруға болатынын келтіріп, абулияны емі жоқ ауру түріне жатқызу керектігін жеткізгісі келеді.

Орыс тіліндегі сөздіктер терминнің грек тіліндегі «abule» сөзінен шыққандығын, «а» дегені бекерлеу бөлшек екендігін келтіріп сөздің «bule» деген бөлігін орыс тіліне «воля» деп аударады. Мен болсам бұл сөзді қазақтың «бол» сөзімен байланыстырып, психикалық ауру салдарынан тұлғаның өзіндік болмысын жоғалтуы арқылы ынжықтануы деп біліп, терминді қазақ тілінде «аболие» деп қолдануды дұрыс деп санаушы едім. Сөздің шын мәнісі «адамның өзіне ие болудаң қалуы» дегенді білдіреді.

А б ц у г – ШСС бұл сөздің неміс тіліндегі «abzug» сөзінен шыққанын айтып, «ылди, құлама, бұрғыш, шегерім» деген түсініктер беретіндігін келтіріп, термин ретінде екі мағынада қолданатылығын көрсетеді : 1). Қалайының, күмістің, алтынның веркблейінен (қорғасындық бұйымынан) қалатын қож (шлак) осылай аталады дейді, 2). Қартамен банк ойнағанда қартаның оң мен солға тасталатын әр пары да осылай аталады екен.

Бұл жерде де бізге керегі сөзді екіге бөлу қажеттігі, сонда сөздің «аб» бөлігін «алу» сөзімен байланыстырсақ, «цуг» деген бөлігін шығару сөзімен байланыстыруға болады, сонда сөздің мағынасы «алып шығу» дегенді білдіретіні анық көрінеді, ал біз болсақ «абцу»г ұғымын қазақ тілінде «абшық» деп өз мағынасында қолдана беретін бола аламыз. Себебі, қазақ тілінде «алып шық», «алып кел» деген сөздерді «аб келсейші» деп те айта береді.

Абшид – ШСС бұл сөздің неміс тіліндегі «Abschied» деген сөзінен шыққан, мағынасы орыс тіліндегі «отставка» ұғымымен тең келеді дейді.

Бұл сөзді де екіге бөліп, қазақ тілінде «алып кету» деп ұғынуға болады, себебі, «отставка» дегеніміз шын мәнісінде қызметтен босағанда, сол қызметте қолданылған жеңілдіктерді өзіңмен бірге ала кету болып табылады. Осы мағынасында қазақ тіліндегі дұрыс баламасын таба алмай жүрген «отставка» сөзінің қазақ тіліндегі бір баламасы ретінде «абшығу» сөзін қолдануға болады.

Абштрих – ШСС бұл сөзді неміс тіліндегі «Abstrich» сөзінен шыққан, мағынасы «қорғасынды күшәннің (мышьяктың) және сүрменің қоспасынан тазартқанда пайда болатын қож» деп түсіндіреді.

Бұл жердеде менің айтайын дегенім сөздің екіге бөлінетіндігі, «аб» бөлігін тәуір талқылағандықтан, оған тоқталмай-ақ қоюға болады, сөздің «штрих» деген бөлігі өте белгілі термин. Мағынасының бірі «ішкі қасиет, өзінділік, ерекшелік» деп ұғылады. Біз болсақ, қорғасынды қоспадан тазартқанда, оның ішінен шығатын қождың өзінің құнды болғаны ғой деген түйсік, яғни бұл сөзді де қазақ тілінде «іштен алынып шығарылған рұх» деп түсініп, «абішрұх» деп қолдануға болады. Мұндай сөзді қорғасынның қожынан да басқа салада қолдануға мүмкіндік барабара өз-өзінен-ақ туындайды.

Абхаят – ҚӘТС бұл сөзді ирандық «су» дегенді білдіретін «аб» сөзінен және арабтың «өмір» дегенді білдіретін «хаят» сөзінен шыққан, «өмір суы, өмір беретін су» дегендерді мағыналайтын сөз дейді. Мұндай түсінікке алып-қосарым жоқ, бәрі дұрыс.

Тек,сөздіктің өзі көрсеткендей бұл ұғымның «Абылхаят суы» деп те аталатынын көрсетіп, бұл ұғымға абыл сөзіне кезек келгенде және бір тоқталмақшымын.