Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы К.Сейтов, «Анықтама сөздік», «Заң» журналы», №8, 2018ж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Бұл бастаманы мен «Заң» журналы тапсырғандай құқық мәселелеріне ғана арнаймын ба деп ойлағанмын, алайда қазақ тілінде сөздіктер жетерлік, соның ішінде құқық саласына арналғандары да аз емес болғанымен, көбінің сапасы сын көтермейді. Сондықтан, не де болса, қазақ тіліндегі сөздік-анықтама ретінде зерттеу еңбек жазып көрейін деген оймен осы жұмысқа кірістім.

Сонымен бірге, мақала жазу барысында әр саланың түбінде құқық мәселесі бірге жататындығы, қазақтың теруге түскен әр сөзінің астары да құқық пен заң алаңына алып келетіндігі анық байқалды. Сонымен, құқық саласына тікелей байланысы бар ұғымдардан сөздік жасауға ұмтылысымның нәтижесін оқырмандар назарына ұсынуды жөн санадым. Және осы мақалаға байланысты оқырманның ұсыныс-пікірлерін асыға тосамын.

 Аннотация: Мақала құқық саласына тікелей байланысы бар ұғымдардан анықтама сөздік жасау мақсатын көздейді. Күделікті өмірде кеңінен қолданылып жүрген қазақ сөздерінің мән-мағнасы жанжақты зерттеледі.

Түйін сөздер: Аврора, Австралия, Австрия

Аврора – ШСС бұл сөзді латынның «Aurora» сөзінен шыққандығын айтып, ежелгі Рим мифологиясы бойынша «таңғы шапақ құдайының есімі» осылай аталаған деп үйретеді. Ертедегі грек мифологиясы осындай құдайды Эос деп атаған. Мен үшін бұл сөздің астарында «ауыр» сөзі, яғни алтынның екінші атауы жатқаны анық, себебі алтынның жарқырауы таңғы шапақтың жарқырауы іспеттес. Мен «аврора» сөзін қазақ тілінде «ауырора» деп жазу керек деп ойлаймын, Сөздің «ра» деген бөлігі, ол күннің жарық райы дегенді білдірсе, «ауыр» дегені алтын дегенді білдіреді.

Австралия – Сөздіктер бұл сөздің қазақ тіліне «оңтүстік» деп аударылатындығын айтып, латынның «australis» деген сөзінен шыққан деп жазады.

Австрия – Сөздіктер бұл сөздің қазақ тіліне «шығыс» деп аударылатын латынның «austr» деген сөзінен шыққан деп көрсетеді.

Сөйтіп, мағынасы төрт тараптың бірін ғана көрсетуі қажет болған бір сөздің астары бізге біресе оңтүстіктің атауы, біресе шығыстың атауы деп жеткізіліп жүр. Сондықтан да, осы екі атауға ерекше тоқтала кетпекпін.

М.Фасмердің сөздігінде «Австрия» деп алғашында Солтүстік Ғаллияның шығыс бөлігі аталған делінеді. Сол Солтүстік Ғаллия қай жерде орналасып еді деп іздейтін болсақ, бүгінгі Австрия мемлекетінің жер аумағынан ондай жердің болғаны туралы деректер табыла қоюы оңай емес. Себебі ертедегі Ғаллия деген жер бүгінгі Франция мен Бельгия мемлекеттерінің жерінде орналасқан делінеді. Осылай екен деп бізге латын сөздігі айтады. Алайда Кеңес өкіметі кезіндегі энциклопедиялық сөздікті алатын болсақ, ол бүгінгі Еуропадағы По өзені, Алып таулары, Жерорта теңізі, Піреней таулары және Атлант мұхиты қоршаған аймақ аралығында орналасқан кең ауықымды жерлер Ғаллия деп аталғандығын көрсетіп, бұл жерлердің өзі Цизалпылық Ғаллия, Трансалпылық Ғаллия деп бірнеше Ғаллияларға 8/2018 25 Зерттеу бөлінетін болғаны туралы айтады. Бұл алқапты біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырдан бері келттер қоныстаған, ғаллдар деген атауды оларға римдіктер беріп, біздің заманымызға дейінгі 220 жылы елдің Цизалпылық Ғаллия деген бөлігін басып алады.Дәл осы бөлікте қазіргі Австрия мемлекеті орналасқан. Елдің Трансалпылық Ғаллия деген бөлігін біздің заманымызға дейінгі 58-51 жылдары Цезарь басып алады.Біздің заманымызға дейінгі 16 жылы осы басып алынған жерлер Рим империясының 4 провинциясы болып қайта бөлінеді, олар Нарбондық Ғаллия, Лугдундық Ғаллия, Аквитания және Белгика. Біздің заманымыздың V ғасырында бұл жерлерді герман тайпалары жайлап алады, сөйтіп барып ғасыр айлағында ол жерлер Франк мемлекетінің құрамына енеді. Бүгінгі күні Австрия мемлекеті орналасқан жерлер Франк мемлектінде Австразия деген атаумен белгілі болған. Австразия ұғымын қазақ тілінде ғана емес, кез келген тілдеде бір сәтте Шығыс Азия деп те, Оңтүстік Азия деп те ұғыну оңай екендігі көзге бірден түседі. Оның себебі Австрия бүгінгі батыс Еуропа болып саналатын Еуропаның жай ғана шығысында немесе жай ғана оңтүстігінде емес, ол Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқандығы.

Бүгінгі күні Австрия мемлекетінің атауын саясаткерлер немістің қазақ тіліне Шығыстағы мемлекет деп аударылатын «Ostterreich» деген сөзінен шыққан деп сендірмекші болады. Сонымен бірге Е.М.Поспеловтың Әлем географиясы, жаңартылған топонимикалық сөздігінде «Бұл жерде Ұлы Карл 795 жылы ауарлармен славяндарды талқандап, Шығыс Марка (Ostmark) немесе Marchia Austriaca деген аймақ құрады» деліндеді. Бұл жердегі «марка» шекара немесе шекаралық жер дегенді білдіреді. «Ostterreich» деген ұғым тек Х ғасырда пайда болып, орыс тілінде «Эстеррайх» деп жазылатындығы көрсетіледі. Бұдан біз орыс білгірлерінің мәселені тек шығыс сөзімен ғана байланыстырғылары келетіндігін көреміз.

Алайда, бұл атауда бір гәп барға ұқсайды және ол гәп тереңде жатса керек.

Гәп Австрия мемлекетінің атауы оны Германия мемлекетінен мүлде бөлек мемлекет ретінде көргісі келетіндердің ықпалымен туындаған атауда жатқаны болса керек. Австриялықтар неміс тілінде сөйлейді. Олардың нәсіл ретінде немістерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Айырмашылық негізінен олардың діндерінде жатыр. Австриялықтардың көпшілігі католиктар болса, немістердің көпшілігі протестанттар, яғни кезінде католик дініне наразылық көрсеткендер. Австриялықтар өздерін «эстеррайхтер» деп атайды.

Менің ойымша, германиялық немістер ғана емес, олардың алдындағы франктер неміс пен француз ұлттары болып бөлінбей тұрып - ақ сол кездегі австриялықтардың өздерімен бір мемлекет құрмай, бөлек мемлекет құруға ұмтылуын байқап, азияға немесе азиядаң ауысқандар деп атаса керек. Міне сондықтан да, бүгінгі австриялықтардың жері Австразия деп аталған болуы керек. Сондықтан да, Ұлы Карлдың ол жерді «Азиядан ауысқан шекаралық жер» деп атауы бекер емес. Біз Еуропа мен Азияның шекарасы әр заманда әрқалай болғандығын білеміз. Сөйтіп, Ұлы Карл заманында ол шекара қалай белгіленгенінен де біраз хабардар бола аламыз. Осы айтылғандардың өзінен-ақ бізге австриялықтарды «ауыстырғандар» деп, мемлекетті «Ауыстырия» деп атауымызға құқықтарымыз толғымен бар екендігіне көз жеткізуімізге болады.

Анита Гэнери, Хейдел Мэри Мартел және Брайен Уильямс дегендердің 1998 жылы Москва қаласындағы «Махаон» баспасынан жарық көрген «Мыңжылдықтар тоғысындағы бүкіл дүниежүзілік тарих энциклопедиясы» атты кітаптарында Ұлы Карлдың арғы атасы болып табылатын Херсталдық Пепин тұсында австразиялықтардың Пепиннің маңайы ретінде оған барынша ықпал жасау мүмкіншілігін нейстрианардаң тартып алғандығы жазылады. Демек, австразиялықтар деген атаудың тамыры франктар заманынан да ары жатыр деген сөз.

Біздер білім дегеннің бәрін орыс тілі арқылы алатын болғандықтан атаулардың 26 8/2018 Зерттеу мұндай астар-кестелері бар болатындығын әлі күнге дейін білмей келеміз, ал ондай мән-жайлардың бар екендігін басқаға білдірмеу керектігінің мәнісі – ол үлкен саясат. Ресей мемлекетіне өткен заманда да, бүгінгі күні де неміс тілінде сөйлейтін халықтардың бірікпеуі қажет екендігі өз алдына бір бөлек әңгіме. Сондықтан да, Германия мен Австрия сияқты елдер екі бөлек мемлекет болып қала беруі орыстарға өте пайдалы. Алайда, орыстарға сол заманда Азия мен Еуропаның шекарасы Австрия жерінен өтетін болғандығын айту ыңғайсыздық тудырады, себебі бұл дегеніміз сол замандағы орыстардың (славяндардың) өздері азиат болғандарының айқын көрінісі болып табылады. Мұндай жағдай батыс еуропалықтар мен американдықтарға да ыңғайсыз, себебі бұл Еуропаның Азияны кішірейтіп, Азияның жерлерін өзіне қосып алуы арқылы кеңейіп келе жатқанының көрсеткіші. Біз болсақ біртұтас ұлт болып қала беру мақсатында мұндай мәселелерді үнемі есте ұстауымыз қажет.

Е.М. Поспеловтың аталған «Әлем географиясы, жаңартылған топонимикалық сөздігі» «Австралия» атауын мемлекет және құрлық ретінде бөлектеп, мемлекет ретінде Австралия құрлығы аймағының 99 пайызын жайлап жатқан ел осылай аталатыны жазылады. Австралияның ХVIII ғасырдан бері Ұлыбританияның иеленуінде болғандығы, қазіргі кезде алты штаттан және екі аймақтан құралатын мемлекет ретінде, Ұлыбританияның белсенділігіндегі ұлтар Достастығына кіретіні айтылады.

Австралия Жер шарының оңтүстігінде орналасқан құрлық және сонымен бірге дүние бөлігі болып танылады. Көлемі жағынан Австралия Жер бетіндегі ең кішкене құрлық және ең кішкене дүние бөлігі. Австралия Америкамен бірге жаңа дүние қатарына кіреді. Мемлекет ретінде көлемі жағынан Австралия дүниежүзі мемлекеттерінің арасында алтыншы орынға ие. Австралия мемлекеті өзі аттас мұқым бір құрлықты тұтастай иемденген дүние жүзіндегі бірден-бір мемлекет. Басқа мемлекеттердің барлығы құрлықтарды өзінен басқа мемлекеттермен бөлісіп, паналап жатса, австралиялықтар өз құрлығын ешкіммен бөліспейді.

Алайда, Австралия халқы «австралиялықтар» деп аталғанымен олар австралиялықтарды құрайтын жаңа ұлтқа бір бөлек және одан басқа австралиялықтар – аборигендер деп бөлінеді.

Бұл абөрігендер шын мәнісінде өз жерінде өрімей қалғандар, мемлекетте нағыз өрігендер басқалар болып отыр.

Құрлық атауының пайда болуы антика заманындағы географтар «Жер шарының оңтүсігінде үлкен жер аймағының болуы тиіс» деген сенімдерінің негізінде оны «Terra Incognita – «белгісіз жер», «Terra Australis Incognita – « оңтүстіктегі белгісіз жер», «Terra Australis – «оңтүстіктегіжер» деп атап жүргендерін Е.М. Поспелов атап өтеді. Осы құрлықты іздеу барысында голландиялық теңіз қайықшылары бүгінгі Австралия жерін ашып, оған Жаңа Голландия деген атау береді. 1772-1775 жылдары Джеймс Куктың мүхитты екінші рет қайықшылау барысында орталық ендіктерден (широталардан) бұл құрлық табылмай қояды, сондықтан Кук ондай құрлық бар болса, ол тек биік жақтағы ендіктерде орналасқан деген шешімге келеді. Жаңа Голландия құрлық деп саналмағандықтан аталған белгісіз жерді іздестіру жұмыстары тоқтатылмайды. Тек 1814 жылдары Жаңа Голландия деген жер расында да оңтүстіктегі құрлық екендігі анықталып, ағылшын теңіз қайықшысы және гидрографы Флиндерс деген адам бұл жерді «Терра-Австралия» деп атауды ұсынып, оның ұсынысы қабылданады. Осыдаң соң небары 10 жыл аралығында атаудың Австралия деген бөлігі іске асып, Терра деген бөлігі ұмыт болады.

 Осы жазғандарымды растау мақсатында Ә. Бірмағамбетовтің «Географиялық атаулар сыры» деген кітабінан Австралияға арналған мақаласын түгелдей келтірейін. Ол Австралияны қазақ тілінде Аустралия деп атап, былай деп жазады : «Ежелгі дәуір ғалымдары біздің жыл санауымыздаң көп бұрын Жердің шар тәріздес екендігін дәлел- 8/2018 27 Зерттеу деп, картасын жасағанын білеміз. Грек және Рим картасында Еуропа, Азия және Африка дүние бөліктерімен қатар оңтүстік жарты шарда полюстен қоңыржай және субтропиктік ендіктерге дейін созылып кететін орасан зор құрлық бейнеленетін. Оңтүстік құрлық Помпоний Меланың (І ғ.) картасында Антихтон («Қарама-қарсы тұрушы») деп аталса, К. Птолемейдің картасында (ІІ ғ.) «Белгісіз Оңтүстік жер» («Tерра инкогнито Аустралис») деп аталған. Оңтүстік құрлық туралы болжамның тууына Жердің шар тәріздес формасы түрткі болған.

Ежелгі ғалымдардың пікірінше табиғат тепе-теңдікті ұнатады. Солтүстік жарты шарды 3 дүние бөлігінен тұратын орасан зор құрлық массиві қамтыған. Олай болса, Жер шары аунап кетпей тік тұруы үшін оңтүстік жарты шарды да аса көлемді құрлық алып жатуы керек. Бұл болжам ғылымда екі мың жылдай уақыт орын алып келді. Оңтүстік жер туралы осы кезеңдегі түсінік Голландия картографы А. Ортелийдің 1570 жылы жариялаған дүниежүзі картасында айқын көрінеді.

Орта ғасырларда географиялық ашылыстарға орай ежелгі дүние карталарында оңтүстік жарты шарды түгелдей дерлік алып жатқан «Белгісіз оңтүстік жердің» көлемі бірте-бірте қысқара берді. Магелланның саяхатынан кейінгі карталарда ол батыста Отты жер аралынан, шығыста Аустралияның солтүстік жағалауларына, оңтүстікте полюске дейінгі аралықты қамтыған орасан зор құрлық ретінде көрсетілді. Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігі мен Үнді мұхитындағы мұнан кейінгі ашылыстар «Белгісіз оңтүстік жерді» полюска қарай ығыстыра түсті.

ХVІІ ғ. басында Голландия теңізшілері Аустралия материгінің солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс жағалауын бойлап жүзді. Соның нәтижесінде ХVІІ ғасырдың қырқыншы жылдарындағы карталарда Аустралия белгісіз оңтүстік құрлықтың орасан зор түбегі ретінде көрсетілді. Бұл түбек Жаңа Голландия деп аталды. 1642-1643 жылдары голландиялық Абель Тасман материкті түгелдей айнала жүзіп өтті.

Сөйтіп, теңізшілердің жаңа дүние бөлігін барлық жағынан айналып шығуына 200 жылдай уақыт кетті. Тасманның саяхатынан кейін Жаңа Голландияның оңтүстік жердең бөлек дербес құрлық екендігі анықталды. Енді оңтүстік жарты шардың көпшілік бөлігін қамтитын, оңтүстік полюстен Африка мен Оңтүстік Американың шетіне дейін созылып жатқан орасан зор құрлық жоқ екендігі анықталды. Ол ежелгі ғалымдар айтқандай, белгісіз (инкогнито) болудан қалды. Сондықтан, картада тек қана Терра Аустралис (Оңтүстік Жер) атауы қалды және ол Жаңа Голландия деген атауды ығыстырып шығарды. Бара-бара Терра (Жер) алып тасталып, тек қана Аустралис немесе Аустралия қалдырылды. Ол қазақшалағанда «Оңтүстік» деген сөз».

Мен бұл жазылғандарға сын ретінде тек Аустралия дегеніміз қазақ тілінде «Оңтүстік емес Ауыстыралия» деп ұғылуы тиіс деп түзетуші едім. Себебі түсінікті, ол жердің халқы бір жағынан шетінен өз отандарын ауыстырып барғандардаң құралған, екінші жағынан құрлықтың өзінің ашылу тарихы бойынша оның орналасқан жерінің үнемі ауыстырылып отырғандығы да анық.

 

(жалғасы бар)