Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі «ШҚО-да республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан халқының 100 нақты қадам аясындағы біртектілігі мен бірлігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  Е.Л.Тоғжанов, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі В.А.Малиновский, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, құқық қорғау, қадағалаушы және мемлекеттік органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен судьялар корпусы, сондай-ақ  ғалымдар қатысты.

Конференцияны ашқан  ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2015 жыл еліміз үшін бірнеше мерейтойларды атап өтетін айтулы жыл екендігін айтты. Сонымен қатар, біздің бейбітшілік тұрғысындағы ерекше мәдениетіміз бен рухани келісімімізге негізделген бірнеше саяси реформалар енгізілуде.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Шығыс Қазақстан облысы Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саясатын тиімді іске асырудағы жарқын үлгілердің бірі болып табылатындығын айтты.  

«Институционалдық реформалар 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған басты мақсат. Қазақстан халқы Ассамблеясына  «Бірыңғай болашақ ұлты» 4 реформасының «Біртектілік және бірлік» бағытын іске асырудың басты рөлі берілген. Біздің біртектілігіміз «Елбасы, Халық, Мәңгілік ел» түсінігінде қалыптасқан.Біртектілік пен қоғамдық келісім үлгілерін нығайтуда ҚР Конституциясы ерекше орын алады, - деді Г.Әбдіқалықова.

ШҚО сотының  төрағасы Д.Әміров өз баяндамасында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы  заң  үстемділігін қамтамасыз ету төңіргендегі мәселелерді көтерді. 

 Ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы бойынша, шараға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының ережелерін талқылып, оны іске асыру бойынша ұсыныстар жасады.