Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі " ШҚО-да Елбасының «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бүгін Өскемен қаласы әкімдігінің ғимаратында Елбасының «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасын  насихаттау және түсіндіру бойынша арнайы құрылған облыстық ақпаратық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен  алқалы жиын өтті. ШҚО соты төрағасының басшылығымен өткен шараға облыстық және қалалық құқық қорғау органдарының , шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан облыстық сот төрағасы Д.Әміров - Елбасы ұсынған «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасындағы заң  үстемдіктерін қамтамасыз етудің қадамдарының басымдылықтары жөнінде  егжей-тегжейлі баяндап, соттың ашықтығы мен жариялылығына қатысты атқарылып жатқан  жұмыстарды да тілге тиек етті.

- Президентіміз еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап республикамыздың сот жүйесін жетілдіру ісін ерекше назарға алып, сот реформасын кезең-кезеңімен ілгері жылжытуда тұрақты қамқорлық көрсетіп келеді. Елбасымыздың «Ұлт Жоспары -100 нақты қадам» бағдарламасы –Заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін  сот жүйесін одан әрі жетілдірудің  негізгі міндеттері мен басты бағыттарын айқындап берді. Ұлт жоспарындағы сот қызметіне қатысты қадамдардағы Президент тапсырмалары мен алға қойған мақсат-міндеттердің нақтылығы - ұлттық сот жүйесін дамытудың қайнар көзі . Сондықтан да Сот жүйесі алдында жаңа ауқымды міндеттер тұр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «100 қадам» Ұлт жоспары аясында сот құрылысы мен сот ісін жүргізуді түбегейлі жаңғырту көзделеді. Осыған байланысты кассациялық саты облыстан ҚР Жоғарғы Сотының қарамағына ауысқалы отыр. Нәтижесінде сот сатылары оңтайланып, сот төрелігінің сапасы артады деген сенімдемін. Мемлекет басшысы,  2013 жылдың қараша айында өткен Судьялардың кезекті VI съезінде сот төрелігін одан әрі жетілдіру туралы келелі ұсыныстарын білдіріп: «Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз экономика мен саясатта реформа жасап, сот жүйесі мен жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мәселелерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің  де сот жүйесіне көп көңіл бөліп отырғаным сондықтан», - деуі осының дәлелі болса керек. Сондай-ақ  Елбасы: «ХХI ғасырдағы ұлт дамуының маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тәуелсіз және әділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде  де қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес», - деп, сот жүйесінің маңыздылығын атап өтті. Биліктің бір тармағы саналатын сот саласында елеулі өзгерістердің болып жатқанына, оның тәуелсіз де бейтарап және әділетті төреліктің жүзеге асырылып жатқанына қарапайым жұртшылықтың да көзі жете бастады. Реформаның басты нәтижесі осы, яғни, халықтың сотқа сенімінің артуы мен өз мүдделерін қорғауы үшін сотқа жүгінуі дер едік.

 Елбасымыздың «Ұлт Жоспары -100 нақты қадам» бағдарламасы –Заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін  сот жүйесін одан әрі жетілдірудің  негізгі міндеттері мен басты бағыттарын айқындап берді. Ұлт жоспарындағы сот қызметіне қатысты қадамдардағы Президент тапсырмалары мен алға қойған мақсат-міндеттердің нақтылығы - ұлттық сот жүйесін дамытудың қайнар көзі. Сонымен қатар мемлекет басшысы «Шетелдік және отандық инвесторлар қазақстандық әділ соттың адалдығына сенімді болуы тиіс»  деген болатын. Бұл тұрғыда  Елбасы инвестициялық даулар бойынша дербес  сот өндірісін құруды ұсынды. Себебі заңы мықты елдің , экономикасы да мықты болуы тиіс. Ал заңы осал мемлекеттерге шетелдік инвесторлар көп келмейді. Сондықтан, елімізде инвестициялық дауларды  қарайтын соттар құрылмақ. Яғни еліміздің  инвестициялық ахуалы  жақсарып, инвесторлар заманауи талаптарға сай сот жүйеснің , заң үстемдегінің арқасында,  жиі орын алатын  даулар ұзаққа созылмай түбегейлі шешімін табатына сенімді болады. Ал кеше ғана дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке кіріп отырған еліміз үшін жоғарыда атап өткен негізгі өзгерістер тиімді болмақ. Бүгінгі күні сот жүйесін жетілдіре түсу жолында жасалып жатқан барлық игі шаралардың басталуы сот реформасының өзекті бағыттарын айқындап берген Ата Заңымыздың арқауында жатқанын айту ләзім, - деді  Досжан Сарманқұлұлы.

Сонымен қатар жиынға  қатысушылар сот жүйесін реформалау, құқық қорғау органдарын жаңғырту, сыбайлас жемқорлықпен күресті, мемлекеттік қызметті күшейту, сондай-ақ оларды тиімді түрде жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Шара барысында  Ұлт жоспарын орындау мақсатында ортақ ұсыныстар ортаға салынып, оларды жүзеге асырудың механизмдері де әңгіме болды.