Шемонаиха ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі «Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Шемонаиха ауданының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасымен Шемонаиха ауданының құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам-Ұлт Жоспары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету мақсатында сот жүйесінің сатыларын оңтайландыруды қарастыратын бес сатылы  сот жүйесінен үш деңгейлі сот төрелігіне көшуге қатысты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, әкімшілік істерді «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы жіберу, сот актілерін орындау бойынша  кеңінен айтылды.