Күршім ауданының №2аудандық сотының баспасөз қызметі «Білім беру қызметкерлерімен кездесу өткізілді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Бес институционалдық реформадағы» Заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін жүзеге асыру барысы жайлы ақпараттық сүйемелдеу медиа-жоспарын орындау барысында «100 нақты қадам» атты тақырыпта мектеп ұстаздарының қатысуларымен  семинар өткізілді.

Кездесу барысында Күршім ауданының № 2 сотында төрағасы м.а. С.Жунуспекова баяндама жасап, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны» жүзеге асырудағы негізгі мәселелерін атап өтті.

Баяндамашы өз сөзінде реформаның нақты «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бөлігінде азаматтардың  сот төрелігіне  қолжетімділігін жеңілдету үшін  сот жүйесі  инстанцияларын  оңтайландыру, бес сатылы  сот жүйесінен  үш сатылы  сот төрелігі  жүйесіне көшу, судьялардың  есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық  кодексін жасау,  барлық  сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті  түрде енгізу, судья лауазымына  кандидаттарды  іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын  күшейту мәселелеріне тоқталды.