Күршім ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі «Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы халықпен кездесу өткізді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасының «Ұлт Жоспары- 100 нақты қадам»  бағдарламасын насихаттау мен орындау барысы жайлы ақпараттық жұмыстар жүргізу мақсатында Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Жансейітұлы Күршім ауданының Қалжыр, Боран ауылдық округтерінде халықпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы жиналған халыққа «Ұлт Жоспары- 100 нақты қадам»  бағдарламасының Заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігінде көрсетілген қадамдарды жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамашылығымен сот жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар жайлы кеңінен айтып өтті.

Аймақтың тұрғындарына, 2016 жылдың басынан бастап сот жүйесінің үш сатылы сот жүйесіне  көшетіндігін, яғни кассациялық сот алқасының Жоғарғы Сот құзыретіне берілетіндігін, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтілгендігін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тергеу судьясының өкілеттіктерін заң жүзінде одан әрі кеңейту мәселесі жүзеге асырылатыны  туралы жеткізілді.  

Өз сөзінде сот төрағасы 2015 жылдың өткен кезеңінде аудандық соттың атқарған жұмыс қорытындысы жайлы және азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін әрдайым қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан ұйымдастырушылық іс-шаралар жайлы ақпарат берді.

Кездесу барысында сот төрағасы аймақ тұрғындарының  туындағын сұрақтарына  жауап берді.