Құрметті әріптестер! Ардагерлер!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата - Заң біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы. Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Ата Заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы зор құжат.

Ата Заң – Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы. Адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең негізгі Конституциялық құндылығы ретінде бекітілді. Бұл – Қазақстанның экономикалық және саяси тұрғыдан қарқынды дамуының ең басты факторларының бірі, қазақстандықтардың тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болуының кепілі.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Конституцияда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің маңыздылығын дәлелдеп отыр.

Бүгінде халық  - қоғамның барлық тыныс-тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана шешілетінін түсінді. Халықтың құқықтық сауаты жоғарылап келеді. Ата Заңымыз - Конституция тәуелсіздігімізді нығайтып, тұрмысымызды жақсартып, жарқын болашағымызға жағдай жасап, елімізді айдай әлемге танытып отыр. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Елбасымыз айтқандай, Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек!

Сіздерді, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке-бірлік, мемлекетіміздің дамуы жолында қажымай, талмай еңбек етулеріңізге тілектестік білдіремін.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

сотының төрағасы

Н.М.Қайырбеков