Қ.Чакпантаев, Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, «Тарихты тұлғалар жасайды»/ Заң газеті, 2016 жыл 6 сәуір

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қай кезде де тарихты тұлғалар жасайды. Үлкен реформаларды үлкен тұлғалар ғана дүниеге әкеледі. Тарихқа көз жүгіртсек, қытай революционері, Гоминь­ дан партиясының негізін қалаушы, «қытай ұлтының әкесі» атанған Сунь Ятсеннің азаматтық ұлтшылдық, халық билігі, халықтың әл­ауқаты атты 3 қағидаты, тағы бір қытай ре форматоры, «қытайлық реформалардың әкесі», әлемдік деңгейдегі ірі қайраткер Дэн Сяопиннің «Дамудың 3 қадам­ дық ст ратегиясы», Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбас­ шы, мемлекет қайраткері, Түркия Ре спубликасының негізін қалаушы тұлға және о н ы ң т ұ ң ғ ы ш п р е з и д е н т і Мұстафа Кемал Ататүріктің Республиканизм, Ұлтшылдық, Халықтық, Секуляризм, Этатизм, Реформизм деп аталатын «6 жебесі», «Экономикалық таңға­ жайыптың» авторы, Тәуелсіз Сингапурдың алғашқы премьер­ м и н и с т р і Л и Ку а н Юд і ң Адал және тиімді үкімет, Заң үстемдігі, Бизнестің дамуына жағдай, Макроэкономикалық саясат, Тәуелсіз білікті сот, Төмен деңгейдегі сыбайлас жемқорлық, Мемлекеттік инсти­ туттар мен жергілікті билік реформасы сынды 7 қағидаты аталған елдердің экономикасын түбегейлі өзгертіп, халықтың әл­әуқатын жақсартып, қуатты мемлекеттерге айналдырғаны мәлім. Бұл тұлғалар осындай әйгілі реформаларымен тарихтақалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасын да осындай іргелі бағдарламалардың, бірегей қағидаттардың қатарына қосуға болады. Халықаралық сарапшылар бұл бағдарламаға «Жаңартудың кең көлемді жобасы» деген атты бекерге беріп отырған жоқ. Шетелдік саясаттанушылар мен әлеумет­ танушылар «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың табысты тәжірибелерін басқа да елдерге тарату қажет деп санайды. Осыдан­ақ бұл бағдарламаның саяси маңызының қаншалықты жоғары екенін анық аңғаруға болады. Ұлт жоспары – ірі страте­гиялық құжат, түбегейлі құры­ лымдық, институттық, жүйелік өзгерістерге әкелетін рефор­ м а л а р ке ш е н і , ж а ң ғ ы р т у жобасы. Елбасының өз сөзімен айтқанда, «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын­ қатерлерге жауап, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары».

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру, Заңның үстемдігін қам­ тамасыз ету, Индустриялан­ дыру және экономика лық өсім, Біртектілік пен бірлік, Есеп беретін мемлекетті қалып­ тастыру... Бағдарламадағы бес тұғырнама, бес бөлім елімізді төрткүл дүниеге танытып, биік белестерге шығарары анық. Расында да, мемлекеттік аппарат мызғымастай мығым, заң үстем, экономика қауқарлы, мемлекеттік қызмет халыққа қолжетімді әрі ашық болса, бұдан артық не керек? Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында жария еткен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасында сот саласына айрықша мән берілгені белгілі.

Елбасы Ұлт жоспарында еліміздің сот саласының ұстанар бағыт­бағдарын тайға таңба басқандай айқындап берді. Қазір сот саласында Елбасы ның Ұлт жоспары бағдар­ ламасын іске асыру аясындаЖоғарғы Сот төрағасы Қайрат Әбдіразақұлының басшы­ лығымен ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламаның 20­шы қадамында барлық сот процестерін бейне және таспаға жазуды тапсырған болатын. Бүгінде біздің өңірдегі облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардағы 141 сот залы 100 пайыз дыбыс­ бейнежазба құрылғыларымен жабдықталды. Облыс соттары­ ның жалпы қараған істерінің 99,3 пайызы бейнежазба құрыл­ ғыларын қолдану арқылы қаралды. Өткен жылдың қоры­ тындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы соттарының заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу мен пайдалану тұрғысында республика бойын­ ша көш бастауы сөзімізге дәлел. Биыл жыл аяғына дейін барлық сот отырыстарын 100 пайыз бейнежазба құрылғылары арқылы қарауды жоспарлап отырмыз. Облыст ағы жас судьялар мен жаңадан тағайын­ далған судьялардың біліктілігі м е н т ә ж і р и бе с і н а рт т ы ру мақсатында құрылған оқу орталығының жұмысы да жоғары бағаланып, былтыр респуб­ ликалық рейтингте алдыңғы саптан көрінді. Медиацияны сот өндірісіне қолдану бойынша да өңіріміздің әуелгі қатарда келе жатқанын айтып өтсек, артықтық етпес.