Глубокое аудандық сотының баспасөз қызметі «Глубокое аудандық сотында «100 нақты қадам-Ұлт жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында дәріс оқылды»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Глубокое аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында дәріс оқылды.

Судья А.Рахимжанова өз баяндамасында, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру кезеңі басталғанын айтты. Экономика және қоғамның, мемлекеттегі жаңа құқықтық ортаны құрайтын 59 заң күшіне енді. Сот ісін жүргізудің үш сатылы жүйесіне көшу сот төрелегін жүргізуге оң әсерін тигізді, сонымен қатар, қоғамның сотқа деген сенімін арттырды.  Сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру Жоғарғы Соттың жоғарғы кассациялық инстанция ретінде маңызы мен рөлін арттырды, Конституция нормалары мен сот жүйесі туралы конституциялық заңдарды дұрыс  іске асыруды қамтамасыз етті.

Шара соңында қатысушылар аталған тақырып жайлы талқылап, сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер соттарда істерді сапалы әрі жылдам қарауға мүмкіндік туғызатынын, бұның өзі Елбасының алға қойған Ұлт жоспарын жүзеге асыру болып табылатынын айрықша атап өтті.