Бесқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі «Бескарағай аудандық сотында «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» талқыланды»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бесқарағай аудандық сотында Президент Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыруға арналған «Ұлт жоспары-100 нақты қадам»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А. Абдрахманов, сот қызметкерлері мен жергілікті БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А. Абдрахманов Елбасының дамыған 30 мемлекеттің құрамына кірудің ұлттық жоспары болып табылатын бес институционалдық бағдарламаны жүзеге асыруда соттардың алдында тұрған міндеттеріне жан-жақты тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін, заңның үстемдігін қамтамасыз ету реформасындағы бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу бағыт-бағдары, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелері және оларды тиімді түрде жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Іс-шара соңында  А. Абдрахманов бес институционалдық реформа Ұлт жоспарын  жүзеге асыру үшін әр адам өз үлесін қосу қажеттігін айтты.