Абай аудандық сотының баспасөз қызметі «Абай аудандық сотында«100 нақты қадам: жаңа тарихи жағдайда Ұлт Жоспарын одан әрі дамыту негіздері» тақырыбында семинар өткізілді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Абай аудандық сотында  құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен «100 нақты қадам: жаңа тарихи жағдайда Ұлт Жоспарын одан әрі дамыту негіздері» тақырыбында ведомствоаралық семинар өткізілді.

Абай аудандық сотының төрағасы  міндетін атқарушы Р.Омаров өз сөзінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев алда жүзеге асырылатын реформалардың негізгі бағыттарымен таныстыру барысында жаңа тарихи жағдайдағы өзгерістердің  қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталғандығын  айта отырып, аталған реформаларды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік органдарының ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматының  ат салысуы қажет  екендігін нақтылап атап өтті.

Семинар  барысында қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігіне тоқтала келе, сот жүйесін реформалау, құқық қорғау органдарын жаңғырту, сыбайлас жемқорлықпен күресу, мемлекеттік қызметті күшейту, сондай-ақ оларды тиімді түрде жүзеге асыру жолдарын талқылады.

 Кездесу соңында қатысушылар бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған бірлескен ұсынымдар мен механизмдеріді зерделей келе,   ведомстволардың алдағы уақытта ынтымақтаса отырып, бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.