Сот төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ерлан Мурзатаевич Костубаев 1980 жылы  туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2000 жылы Шығыс гуманитарлық колледжін «құқықтану» мамндығы бойынша, 2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемелекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха аудандық сотының сот приставы қызметінатқарудан бастаған.

2002 жылдың қазан айынан бастап 2007 жылдың қазаң айына дейін Шемонайха аудандық сотының жетекші маман- сот приставы, 2007 жылдың қазан айынан 2008 жылдың маусым айына дейін Шығы Қазақстан облысы Шемонайха ауданы бойынша Салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмысы және өндіріп алу бөлімінің бас маман – заңгері, 2008 жылдың маусым айынан 2009 жылдың қараша айына дейін Шемонайха ауданы әкімінің көмекшісі, 2009 жылдың қараша айынан 2010 жылдың қараша айына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заңгерлік бөлімінің бас маман-заңгері, 2010 жылдың қараша айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Шемонайха ауданы әкімі аппаратының заңгерлік бөлімінің бастығы, 2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссияся» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру –құқықтық бөлімінің бастығы, № 2 шығыстарды  бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 628 Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы  Зырян аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 шілдесіндегі № 717 Жарлығымен Шығы Қазақстан облысы Алтай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдесіндегі № 956 Жарлығымен Шығы Қазақстан облысы Риддер қалалық  сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.