Халыққа қызмет

Мемлекеттік баж

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

МЕМЛЕКЕТТIК БАЖДЫҢ СОТТАРДАҒЫ 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СТАВКАЛАРЫ

1 АЕК /айлық есептік көрсеткіш/ -  3 692 теңге

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне сәйкес (Салық кодексі)

610-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      1. Сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлеме алынады:

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қою арыздарынан:

      жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;

      заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;

      2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК;

      3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК;

      4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:

      дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      5) некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан – 0,3 АЕК.

      Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады;

      6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қою арыздарынан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

      7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою арыздарынан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК;

      8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан) – 0,5 АЕК;

      9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің – 50 пайызы;

      10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;

      11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 5 АЕК;

      12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;

      13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК;

      14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;

      15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы.

      2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша талап қою арызы (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

      3. Бір мезгілде мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қою арыздары үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қою арыздары үшін және мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздары үшін белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

      Ескерту. 610-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сұрақ - жауап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қонақтардың назарына!

Құрметті сайт қонақтары, жеке мәселелер және нақты істер, қалыптасқан сот актілері бойынша сот түсіндірме бермейді, сонымен қатар олар бойынша заңдылықтар түсіндірілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша білікті заңгерлік көмек алу үшін заң кеңесіне жүгіне аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша төмендегідей мәлімет береміз.

Сот бұйрығы дегеніміз не?

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстің 146-бабымен белгіленеді. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі (ҚР АІЖК-нің 139-бабы)

Қандай жағдайда сырттай шешім шығарылады?

Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. Істің қаралуы туралы сот ұйғарым шығарады. (ҚР АІЖК-нің 24-тарауы)

 

Азаматтық істер бойынша сот мәжілісінің хаттамасымен қалай танысуға болады?

Іске қатысушы адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасы дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде онымен танысуға, хаттамада жіберілген қателіктерді немесе жасалған іс-әрекеттердің және олардың нәтижелерін тіркеудің (көрсетудің) толық еместігін көрсете отырып, бес күн ішінде оған жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы. (ҚР АІЖК-нің 258-бабы)

Судьяға қарсылық білдіруге болама?

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес судьяға қарсылық білдіру келесі негіздерде жүзеге асуы мүмкін:

Егер судья: 

1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса; 
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса; 
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. 

2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды. (ҚР АІЖК-нің 40-бабы)

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес судьяға қарсылық білдіру келесі негіздерде жүзеге асуы мүмкін:

Егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iстi соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса; 
2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешіміне санкция беруге қатысқан болса;
3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса; 
4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса; 
5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса; 
6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды. 

Соттың шешімі, ұйғарымы көшірмесін кім ала алады?

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа адамдарға іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы туралы, не арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмесі ұйғарым шығарылғаннан бастап бес күннен кешіктірілмей жіберіледі. . (ҚР АІЖК-нің 254-бабы)

Сот шешімі қандай тәртіпте орындалады?

Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша өтiнiшi бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық iс жүргiзудiң тиiстi органына орындау үшiн жiбередi. Сот актілерін және басқада органдардың актілерін орындау заңмен сот орындаушыға жүктелген.

Азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді жинақтау міндеті кімге жүктелген?

Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді. 
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды. 
Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. 
Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі. 
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінішінде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс. 
Қажет болған жағдайда сот өтініш берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етуге және олар тікелей сотқа жіберілуге тиіс. (ҚР АІЖК-нің 7-тарауы)

Сотта азаматтық істі өзінің өкілі арқылы жүргіуге бола ды ма?

 Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтық іске өзінің ќатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілектіктің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардыѕ өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың ќызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басќа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Сенімхатқа, ззаңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жїргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар јрекетке ќабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады. (ҚР АІЖК 58 б)

Іс құжаттарымен танысуға кім құқылы?

Іс құжаттарымен танысыға құқылы: айыпталушының қорғаушысы егер ол іске қатыса, жәбірленуші және оның сенімді өкілі, азаматтық талапкер, азаматтақ жауапкер және олардың сенімді өкілдері. Іс құжаттарымен танысу ҚР ҚІК 275 бабына (ҚР АІЖК 274 б) сәйкес жүзеге асырылады.  

Сот шығындары деген не?

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлкеттік баждың көлемі және оны толеу тәртібі ҚР Салық кодексімен анықталады. (ҚР АІЖК.100 б.)  Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар; 
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар; 
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар; 
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар; 
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар; 
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар; 
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар; 
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар; 
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар; 
10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады. ( ҚР АІЖК 107 бабы)

Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары заңмен көзделген ба?

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар: 
1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке тыйым салуды қоспағанда).
Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.
Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол берiледi.
Жауапкерге тиесілі және банктегі ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын іс материалдарын негізге ала отырып, сот айқындайды; 
2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу; 
3) басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу; 
4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру; 
5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;
6) борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін. 
Қажет болған жағдайларда сот АІЖК Кодексінің 158-бабында аталған мақсаттарға сай келетін талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. (АІЖК-нің 159 бабы)  

Талап қою.  Азаматтық істердің  соттылығы.

Азаматтық істерді қай сот қарайды?

Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.

Қандай жағдайда талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу көзделген?

Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін. 
Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін. 
Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін. 
Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады. 
Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады. 
Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін. 
Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін. 
Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін. 
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін. 
Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін. 
 

 Қандай жағдайда Ерекше соттылық көзделген?

Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады. 
Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады. 
Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.
Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жерi бойынша берiледi.

Бірнеше жауапкерге талап қою қай сотта жүзеге асырылады?

Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша қойылады. 

Талап арыздың мазмұны қандай болу қажет?

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
Арызда: 
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер 
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 
7) 
8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін. 

Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Талап арызға қандай құжаттар тіркелуі қажет?

Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар

Талап арызға: 
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; 
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат; 
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; 
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; 
5) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; 
6) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.