Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

Ежелгі  он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін қазақтар арасындағы дауды билер шешкен.

Би атағына ие болу үшін, халық алдында бірнеше рет өздерінің заң білушіліктерін және шешендікмүмкіншіліктерін көрсетулері қажет еді. Осындай адамдар туралы қауесет бүкіл далаға тез тарайтын және олардың аттары барлығына бірдей әйгілі болатын. Осылайша, билердің атағы сот және қорғаушылық тәжірибесінде пагент болды. Үлкен заңды тәжірибесі бар, билердің балалары білім және әкелерінің атағын мұра ретінде қабылдады.

Қазақ билерінің соты ұрпақ есінде тәуелсіз, кәсіби және ақылды сот төрелігі ретінде сақталып, бекітілді.

Республика астанасы – Астана қаласында Жоғарғы сот ғимаратының алдында ұрпаққа құрмет көрсету негізінде XVII ғасырдың екінші жартысы – XVIII ғасырдың бірінші жартысында елулі орын алған үш би-соты: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би құрметіне арналған 4 метрлі граниттен жасалған топты ескерткіш орнатылды. Олар алысты көздеп, шығысша қатарлас, жерде отырған күйде бейнеленген. Олар жалпы адами құндылықты сот төрелігін бейнелейді.

Сот бұқаралық орган ретінде барлық уақыт және заманда билік пен басқарудың өлшемі және нышаны болып табылады.

Лениногорск қалалық сотының құрылу тарихы Кеңес мемлекетіндегі сот жүйесінің құрылуына тікелей қатыстыжәне 1960 жылдың 1 қаңтарынан басталады.

Каз ССР  26.03.1937 жылғы Конституциясына сәйкес сот төрелігінхалық соты, облыстық сот, Казақ ССР Жоғарғы соты жүзеге асырды. Сот жүйесінің төменгі тобы- халық сотын– халықтық соттың құрамы мен екі заседательжүзеге асырды. Халықтық соттар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің негізгі жиынын қарады. 50 жылдардағы кеңес әділетінің реформасы Каз. ССР сот жүйесінің құрылуында үлкен рөл атқарды. Бұл жылдары жаңа Қылмыстық, Қылмыстық –процессуалдық кодекстер қабылданды, ал 1963 жылы Азаматтық процессуалдық, Азаматтық кодекстер қабылданды, одан кейін басқа Казақ ССР кодекстері қабылданды. 1959 жылдың шілдесінде Қазақ ССР Жоғарғы соты, Республика ерекшеліктерін ескере отырып,заңнаманың қоғамдық Негіздерінің ұстанымдық ережелерінің дамыған және нақтыланған сот құрылымы туралы заң қабылдады. Заңға сәйкес Республикадағы сот төрелігі Қазақ ССР Жоғарғы сотымен, облыстық соттармен, аудандық (қалалық) соттармен жүзеге асырылды. Заңға сәйкес қаланың (ауданның) бірыңғай халықтық сот жүйесі, учаскелік соттардың таратылуы белгіленді. Қаладан тыс жерлердегі кішкентай кенттерде жиі емес орналасқан, көптеген және бөлек учаскелік соттардың орнына қалалық (аудандық) бірыңғай соттары құрылған болатын, осылай 1960 жылдың 1 қаңтарында Лениногорск қаласының халықтық соты құрылды.

Кеңес кезеңінде соттардың жұмысы ұзақ уақыт бойы азаматтық және қылмыстық істерді қарау тапсырмасына бағынды, бірақ та соттар тәртіптік-алдын алу міндеттерін алдыға қойғанмен, бәрі бір соттар нақты түрде мемлекеттік аппараттың басым бір бөлігі болды. Құқық қорғау туралы заң кітаптарында жәнетәжірибе жүзінде әңгіме ұзаққа созылмады.

1978 жылғы 20 сәуірде қабылданған Қазақ ССР Конституциясы сот жүйесінқұру кезінде сот билігі түсініктемесін енгізген жоқ (18 т.). Осы қадам кеңестік сот жүйесінің және Қазақ ССР Конституциясының 2-ші бабында,бүкіл билік Қазақ ССР халқына тиесілі деп жарияланған жалпы жүйесінің ерекшіліктерімен байланысты. Қазақ ССР саяси негізін құрайтын халық депутаттар Қеңестері арқылы, халық мемлекеттік билікті жүзеге асырады. Барлық басқа мемлекеттік органдар халық депутаттар Кеңестерінің бақылауында және оған есеп беруде. Нақты сот билігі туралы әңгіме болған осы қағидат билікті бөлу идеясын туындатуға мүмкіндік берген жоқ.

Қалалық сот республиканың просесуалды кодексімен жоғарғы сот пен әскери трибуналдың соттылығына жіберілген істерден басқа барлық азаматтық, қылмыстық істерді қараған, мекемелер мен кәсіпорындардың таластарына, азаматтар шағымдарына шешім шығарған. Лениногорск қаласының халықтық судьялары, қала еңбекқорларыныңқұпия дауыс беру тәсілімен 5 жылға сайланды, судья лауазымына тағайындау үшін  ең кіші жас 23 жылдың орнына 25 жылболып бекітілді. Халықтық заседательдер жұмыс және тұру орны бойынша азаматтар жиналыстарында ашық дауыс беру тәсілімен 2,5 жылға сайланды. Сайлау тәртібі Республиканың Жоғарғы КеңесініңТөралқасымен бекітілген, Қазақ ССР (қалалық) аудандық халық соттарының сайлауы туралы Ережесімен белгіленді.  Халық депутаттарының қалалық Кеңесі облыс сотының ұсынысы бойынша сайланған халық судьяларының ішінен бір қалалық сот төрағасын тағайындайды, оған жумысты ұйымдастырубасшылығы жүктеледі. Халық сотының құрылымдық бірліктері және лауазымдық міндеттері:

-  Халық судьялары: қылмыстық және азаматтық істерді, әкімшілік материалдарды қарау, азаматтарды қабылдау;

- Кеңсе: азаматтардың істерін, өтініштерін, шағымдарын есепке алу және сақтау, қаржы мен сот есептілігін жүргізу, сот үкімдері мен шешімдерін орындау үшін жіберу, мұрағатты туралы жүргізу;

- Орындау бөлімі: сот үкімдері мен шешімдерін орындау, осы жұмыс бойынша есеп беру, орындаушы ретінде азаматтар шағымдарын шешу;

Лениногорск қаласының халықтық сотының Лениногорск қалалық сотына қайта құрылуы туралы мәліметтер  мұрағатта жоқ.

1970 жылдың соңына дейін Лениногорск қалалық соты Шығыс Қазақстан облысының сотына, ал 1971 жылдан бастап облыстық әділет бөліміне бағынды.

«Қайта құру» жарияланған соң СССР-де заңнамалық, орындаушылық, сот билігі, сот тәуелсіздігі, заң үстемдігі, заңнаманыңжүзеге асырылуы бөлінді.1991 жылғы 16 желтоқсанда Конституциялық «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданған соң Қазақстан Республикасының сот жүйесінің жаңа құрылу кезеңі басталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 «Шығыс Қазақстан облысы Лениногорскінің қайта атауы туралы» Жарлығын орындау барысында Риддер қаласының Лениногорск қалалық соты Риддер қалалық соты болып қайта аталды. Бізге тарихи кезеңдеріндегі сот жұмысы туралы нәтижелер жасау үшін, мұрағатта сақталған құжаттар аз емес.