Қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 296-бабының, 2 бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы жабайы сораның жапырақтарын жинап, кептіріп, жеке пайдалануына сақтаған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Ш-тың  пәтерінен қағазға оралған салмағы 1,43 грамм есірткі зат-кептірілген марихуана табылып тәркіленген.

Сот үкімімен  сотталушы ҚК-тің 296-бабының 2 бөлігімен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі