Қоғамдық жұмысқа тартылды
Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 296-бабының, 2 бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы жабайы сораның жапырақтарын жинап, кептіріп, жеке пайдалануына сақтаған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Ш-тың пәтерінен қағазға оралған салмағы 1,43 грамм есірткі зат-кептірілген марихуана табылып тәркіленген.
Сот үкімімен сотталушы ҚК-тің 296-бабының 2 бөлігімен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Зырян аудандық сотының
баспасөз қызметі