Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлын еске түсіруге арналған ІІ-халықаралық турнир

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

25-26 сәуір күндері Ақсуат ауылында Ырғызбай Досханаұлын еске түсіруге арналған қазақ күресінен ІІ-халықаралық турнир жоғары дәрежеде өткізілді.
Аталған халықаралық турнирге Рессей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия, Литва және еліміздің барлық облыстары, Астана мен Алматы қалаларынан балуандар қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша 80 кг дейін өгіз палуаны атағы үшін Мұратов Қуаныш ШҚО І-орынға ие болса, Шамшиев Саят Алматы облысынан ІІ-орынға ие болды, ІІІ-орынды Өзбекстан мемлекетінен келген палуан Равшанов Алим ие болса, ІV-орынға Рессейлік палуан Артём Ковалевский ие болды.

80 кг жоғары түйе палуаны атағы үшін ШҚО палуандары Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар І-ІІ орындарға ие болса, ІІІ-орынға Өзбекстан мемлекетінен келген палуан Таймұратов Авосхан ие болды, ІV-орынға ШҚО спортшысы  Тұрашов Мереке ие болды.

Жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлеріне жарыстың бас демеушісі Өскемен қаласындағы «Каз цинк» компаниясы тағайындаған арнайы қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Источник: 
http://tarbagatay.vko.gov.kz