Сс, 19/09/2017 - 14:40
Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 296-бабының 2 бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін А.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды.
Сотта анықталғандай, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында азаматша А-ның автокөлігінің жүк салатын бөлігінде екі целлофанды пакетте жасыл түсті ерекше иісті өсімдік тектес заттар анықталып тәркіленді.
Сот үкімімен А. ҚК-тің 296-бабының 2 бөлігімен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Зырян аудандық сотының
баспасөз қызметі