Шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен К.Клаузердің Е.Антроповқа жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген 614 523 теңге шығынды және сот шығындарын өндіру туралы талап арызы бойынша іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді, оның шарттары бойынша жауапкер талапкердің автокөлігін қалпына келтіруге және 25000 теңге сот шығындарын төлеуге, ал талапкер өз талаптарынан бас тартуға міндеттенді.

Сот ұйғарымымен медиативті келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. Төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер қалалық сотының

 баспасөз қызметі