Өскемен қалалық сотында сот төрелегін атқарудың сапасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотының төрағасының м.а. Манжуева Ш.С. судьялардың қатысуымен бүгінгі күнге дейінгі сот төрелігін атқарудың  сапасын талқылау бойынша жиын өткізді.

Іс шара барысыңда қаралған азаматтық істер бойынша, жоғары тұрған сот сатыларымен күшінің жойылған және өзгертілген сот актілері мен олардың себептері туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.

Сонымен қатар, судьялармен азаматтық істер бойынша сот тәжірбиесін қолдану, іс жүргізушілік занның ережелерін қолдану мен судьялардың істі қарау барысыңда жіберетін қателіктері туралы сұрақтар талқыланды.

Қортындылай келе, Шолпан Серикбекқызы 8 критерий бойынша соттың жұмысын жаңдандыру керектігіне, оның ішінде жеңілдетілген тәртіпте  істі қарау мен медиацияны жаңдандыруға баса  назар аударды.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі