Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша қатысты әкімшілік іс қаралды.

Т.Мешімбаев соңғы бір жыл уақыт аралығында қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жүріп, адамдық қадiр-қасиеттерді қорлағаны үшін екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған бола тұра,  қоғамдық орындардың бірінде тағы да ішімдікке масаң күйде жүру арқылы адамдық қадiр-қасиетті және қоғамдық имандылықты қорлайтын күйде болған.

Сот қаулысымен Т.Мешімбаевты ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі