Глубокое аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотының төрағасы  медиация кабинетінде  «Медиация туралы» заңның қолдану аясы  мен тәртібін, оң тұстарын талқылап, жүзеге асыру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» ХДП төрағасы Д.Қадырбаев, ақсақалдар алқасының мүшесі В.Н.Цой, аудандық мәслихат хатшысы А.Баймулдинов, кәсіби емес медиатор  қатысты.

 Іс-шараға қатысушылар медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы, сонымен қатар оның қолдану аясы, аудандық сотта медиация туралы заңды іске асырудың деңгейі туралы өзара пікір алмасты.

Кездесу жұмысының нәтижесі бойынша іс-шараға қатысушылар татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша жұмысты жандандыруды, сонымен бірге халық арасында осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді ұсынды.  

 

Глубокое аудандық сотының

 баспасөз  қызметі