Дауды шешудің баламалы тәсілі банк пен клинеттің өзара түсіністігінің құралы ретінде қолданылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында  «Банк дауларын шешу кезінде татуластыру процедураларын қолданудағы сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға Семей қалалық сотының  судьясы А.Увалиева,  кәсіби медиаторлар, екінші деңгейлі банктің өкілдері қатысты.

Медиацияның банк саласында қолданылуы – бұл дауларды реттеуге арналған құрал ғана емес, сонымен қатар банк имиджі, оның беделінің сақталуы, клиент тарапынан банктерге деген сенімді көтеру және банк пен клиент арасындағы жан-жалдың алдын алудың кепілі  болып саналады, өйткені аталған  процедураның артықшылығы - медиацияның  кімнің кінәлі не кінәсіздігін анықтау немесе жеңуде емес, яғни конструктивті шешімді іздестіру  және дауды шешудің жұмсақ түрдегі баламалы тәсілі екендігі болып табылады. Медиация процедурасы кезінде дауласқан тараптар  медиатордың тәжірибесі мен білімі, біліктілігіне сүйене келе, өздіктерінен екіжаққа да тиімді болатындай шешімге келеді. Даудың шешімі толығымен дауласушылардың еріктеріне байланысты.

«Сонымен қатар, медиация жолымен немесе өзге де татуластыру ресімдері арқылы істің аяқталуы өте тиімді де, өйткені Салық Кодексінің 548 бабының 1-2 тармақтарына сәйкес төленген мемлекеттік баж салығы істің бейбіт келісіммен – медиация арқылы немесе  партисипативті процедура тәртібінде  аяқталуына орай толығымен немесе жартылай қайтарылуға жатады. Айталық,  бірінші және апелляциялық инстанцияда – толық, кассациялық инстанциядағы сот актісінің қайта қаралуына өтініш білдірілген жағдайда – соманың 50 пайызы қайтарылады», - деді судья А.Увалиева.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі