Архив событий

18/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты тұлғаға қатысты айыптау үкімін шығарды

18/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Қасенов Б. бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен алты тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз конференциясын өткізді.  

Сот үкімімен  С.  М-мен топтаса отырып, екі тұлғаны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған және оған түпкілікті жазасын  қауіпсіздігі  барынша жоғары мекемелерде өтеумен  20 (жиырма) жыл бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалды.

Тарбағатай аудандық соты «Сот кабинеті» мобильдік қосымша сервисін насихаттау мақсатында ашық есік күнін өткізді

18/10/2017

Тарбағатай аудандық соты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы бойынша  филиалы –«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Тарбағатай аудандық бөлімшесіңде «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасын азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба беру жөніндегі пилоттық жобасын тұрғындар арасында насихаттау және енгізілген жаңашылдықтарын түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізді. 

2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

18/10/2017

Курчатов қалалық соты төрағасының м.а А.К. Сыздыков 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Спектр резонанс» және «Курчатов көкжиегі» газетінің тілшілерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi туралы

18/10/2017

Жарма аудандық сотының судьясы А.М. Садуакасова «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аудандық әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі хаттама жасауға уәкілетті учаскелік полиция өкілдері қатысты. 

Сот қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады

18/10/2017

Курчатов қалалық сотымен ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Катонқарағай ауданының № 2 сотында семинар өтті

18/10/2017

Катонқарағай ауданының №2 сотының төрағасымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар жұмысына соттың судьялары қатысты.

Шара барысында судья Г.Т.Кудербаева баяндама жасап, Азаматтық процестік кодексіндегі татуластыру рәсімдері, сондай-ақ заңдық маңызы бар фактілерді анықтау бойынша заң талаптары, талап қою арыздарын қабылдаудан бас тарту және қайтару туралы да айтып өтті.

Катонқарағай аудандық сотында «Мобильды сот кабинет» сервисі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

18/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Мобильды сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жансултанова, Қазақстан Республикасы  Президентінің 20 қараша 2013 жылғы Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде тапсырған тапсырмасын орындау мақсатында, сот жүйесін ақпараттандыру бойынша жобалы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жоспарлы іс-шаралардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

Семей қаласы №2 сотының қарауында «Е – электрондық қылмыстық іс» түсті

18/10/2017

2017 жылы 10 қыркүйектен бастап «Е – электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды. «Е – электрондық қылмыстық істің» негізгі артықшылығы, электрондық форматтағы құжатты бұрмалау мүмкіндігінің жоқтығы, қылмыстық істер жоғалмайды және тез тергеледі. Процеске қатысушылар кез келген уақытта онлайн режимде істің қандай сатыда қаралып жатқанын қарау мүмкіндігі болады. Егер іске қатысушы тараптар тергеушінің әрекетіне шағым келтірсе прокурор оның әрекетін онлайн режимінде тексере алады. Соттың санкциясын электронды түрде алуға болады.

Үржар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз-конференция өткізілді

18/10/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. Р.Н.Токтаров 2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі М.Саябаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясын өткізді.

Төраға м.а. Р.Н.Токтаров қысқаша 2017 жылдың 9 айының қорытындысына тоқталды.  Осы аталған уақытта  сотпен 55 қылмыстық іс, 317 азаматтық  және 235 әкімшілік істер қаралды. Тараптардың бітімгершілікке  келуі  нәтижесінде  медиация тәртібімен 64 іс қысқартылған, оның ішінде 23 қылмыстық, 20 азаматтық және 21 әкімшілік істер.

Қауіпсіздік туралы шара

18/10/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев кеңсе меңгерушісі  А.А. Иманбаев және «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) ММ-нің Риддер взводы жетекшілігімен сот ғимаратының, судьялар мен қызметкерлердің, сонымен қатар процестерге қатысушылардың қауіпсіздігі тақырыбына жұмыс жиналысын өткізді.

Риддер қалалық соты ғимаратына енгізу-өткізу және ішкі нысандық режимдерді қамтамасыз ету осы взвод қызметкерлерімен сот приставтарымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Ашық есік күні!

18/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметінің қол жетімділігін нығайту мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күніне Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік университетінің заңтану мамандығында оқитын студенттері қатысты.

Төраға А.Н. Жумагулова студенттерді «Сот кабинеті» сервисімен таныстырып, сот ғимаратымен экскурсия барысында «Алаш қозғалысына 100 жыл» фотоқұжаттамалық көрмені көрсетті.

Мамандандырылған сотта 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жиналыс өтті

18/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төраға м.а. М. Курмановтың,  сот судьяларының және қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті. 

Ағымдағы жылдың  9 айының қорытындысы бойынша судьялардың, жалпы мамандандырылған соттың  жұмысы туралы баяндамамен сот төрағасы Б.Ә. Кәсенов сөз сөйледі.