«Медиация туралы» семинар

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының  ғимаратында

«Медиация туралы» заң ережелерін түсіндіру мақсатында

 семинар  өткізілді.

2013 жылдың 18 наурыз күні Күршім ауданының № 2 сотының ғимаратында «Медиация» туралы Заңның негізгі бағыттарын, заңнаманы түсіндіру және құқықтық қолдау көрсету жөнінде ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу мақсатында кәсіпқой емес медиаторларға  семинар өткізілді.

Аталмыш семинарға Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі М.Сағанаков, медиаторлар С.Саманова, С.Тоқтауов, Теректі ауылдық округінен медиатор К.Сағымбаев қатысты.

Семинарды Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт ашып, «Медиация туралы» Заңына 2011 жылы 28 қаңтарда № 401-IV Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанын, «Егемен Қазақстан» газетіне 2011 жылы 8 ақпанда жарияланып, 2011 жылдың 8 тамызынан бастап заңды күшіне енгенін, заңның негізгі бағыттарын, Медиация институтын енгізу еліміздегі қоғамның дамуына, азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің тиімді жолдарын іздестіруге бағытталғанын нақты мысалдар келтіре отырып, атап өтті.

Семинарға қатысушыларға әзірленген «Медиация сөздігі» және «Медиация туралы» Заңның түсініктеме кітапшалары таратылды.

Семинарға  қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, толық жауап алып, естелік суреттерге түсті.      

Күршім ауданының №2 аудандық 

сотының баспасөз қызметі