Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды
20/09/2017
Курчатов қалалық сотымен ҚК 187-бабының 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру) И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, сотталушы И. жәбірленуші З.-ның пәтерінде қонақта болып, соңғысына тиесілі «Samsung» маркалы ұялы телефонын жасырып ұрлап кеткен. Өзінің қылмыстық әрекетімен И. жәбірленушіге 3000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.
Сот қаулысымен И.-ға катысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Курчатов қалалық сотының
баспасөз қызметі