Глубокое аудандық сотында азаматтық іс қаралды
23/09/2016
Глубокое аудандық сотына талапкер А., алимент өндіру туралы талап арызбен жүгінген.
Іс материалдарына сәйкес, талапкер бала күтімімен айналысуда, материалдық көмекке мұқтаж. Сондықтан да жауапкерден өзін асырау үшін 5 АЕК мөлшерінде сотқа жүгінген күннен бастап бала үш жасқа толғанша алимент өндіруді сұрады.
Сот шешімімен талап-арыздың талаптары қанағаттандырылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Глубокое аудандық сотының
баспасөз қызметі