Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды
24/06/2016
Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ұсақ бұзақылық) азамат Э.Вагнерге қатысты әкімшілік іс қарады.
Сотта Э.Вагнер қоғамдық орында шылым шегіп, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны анықталды.
Соттың қаулысымен Э.Вагнер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасауы бойынша кінәлі деп танылып 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік
сотының баспасөз қызметі