Риддер қалалық соты 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында 2017  жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізілді. Пресс-конференцияға сот төрағасы Т.К. Адаспаев, соттың кеңсе меңгерушісі м.а З.К. Жунусова, мемлекеттік сот қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде сот төрағасы қаралған азаматтық істердің статистикалық деректерін берді.

Сот төрағасы Т.К. Адаспаев соттың ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес сотпен 1840 азаматтық іс қаралып, 747 шешім шығарылған. Медиация тәртібімен 116 іс, оңайлатылған -392 іс, 876 арыз бойынша сот бұйрығы шығарылғанын,  сонымен қатар, 266 қылмыстық іс, 9 әкімшілік іс қаралғанын айтты.

- «Сот қызметінің басты бағыттарының бірі - сот жүйесінің беделін арттыру, яғни сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығы. Сотпен жиі «Дөңгелек үстелдер», пресс-конференциялар, «Ашық есік күндері» өткізіліп тұрады, судьялар мен мемлекеттік қызметкерлердің мақалалары БАҚ-да жарияланады» - деді Т.К. Адаспаев.

Пресс-конференция барысында сот төрағасы қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселелерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді уақтылы қарау екендігін атап өтті.

Пресс-конференция корытындысы бойынша сот төрағасы қатысушылардың әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, қатысқандары үшін алғысын білдірді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі