Қоғамдық орынды ластаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма ауданының №2 сотында  ҚР-нің ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Р.Антваевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, Р.Антваев қоғамдық орында, үй аулысынан жиналған қоқыстарды көшеге  лақтырғаны анықталған, яғни  ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Сот Р.Антваевты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып,  оған 14847 теңге айыппұл жазасын тағайындаған. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 Жарма ауданының №2 сотының

баспасөз қызметі