Шығыс Қазақстанда мектеп есепшісі 11 миллионнан астам қаражатты жымқырған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

іс № 6352-23-00-1/2

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігінің 1,2 тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін аз.М.-ға  қатысты (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның iрi мөлшерде, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны:

М. «Күршім ауданы бойынша білім бөлімі» орта мектебінің  есепшісі бола тұра, 2018 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың шілде айы аралығында бюджеттік ақша қаражатын өзінің банктік картасына және мектепте қызмет атқармайтын туыстарының банктік карталарына заңсыз аударып отырғанн. Осылайша, мемлекетке 11 936 063 теңге сомасында  залал келтірген.

М. кінәсі өзінің мойындау түсігінен басқа, жәбірленуші өкілінің куәлардың түсініктерімен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен толық дәлелденді.

Тараптардың позициясы:

 Прокурор сотталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Сотталушы М. кінәсін мойындап, 9 миллион тенгені құмар ойындарға, ал қалғанын кредиттерін жабуға жұмсағанын көрсетіп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші өкілі сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Соттың шешімі:

   Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады. Аталған қылмысты жасағы үшін екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

   Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сотталушының кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін және жасөспірім балаларының болуын ескерді. Прокурор жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды келтірген жоқ.

 Сот аз.М.-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметті атқаруға өмір бойына айыра отырып, 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі