1555

№ вопроса: 
1555
Фамилия: 
ТУРГАНБАЕВ
Имя: 
МЕЙРАМГАЗЫ
Отчество: 
КОЖАЕВИЧ
Регион: 
Восточно-Казахстанская область
Текст обращения: 
Құрметті: Досжан Сарманұлы. «Тарбағатай ауданының жер қатынастар бөлімі» мемлекетік мекемесі Тұрғанбаев Мейрамғазы Қожаевичке жерді жалға беру мақсатында 15.04.2009 жылғы мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру туралы құрылтайшылар Нүкешова Нұрбатия, Қозыхан Әсем Қозыханқызы арасында Тарбағатай аудандық нотариусы А.Ф.Ибрагимова арқылы жасаған шарттың мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін мәміле ретінде жарамсыз деп тану туралы талап арыз-қанағаттандырылған. ШҚО Тарбағатай аудандық сотының 2016 жыл 13 қазандағы № 6358-16-00-2/93 санды шешімімен келесі негізгі себептермен келіспеймін. Менің ойымша, Талапкердің талап арызында көрсетілген талаптары және сот шешімі, материалдық және процессуалдық құқықтың нормаларын бұзады және, осыған байланысты соттың шешімі төменде көрсетілген негіздемелер бойынша заңсыз және негізсіз болып табылады. Бірінші инстанцияның соты белгіленген тәртіпті жазбаша және ауызша (куәлардың түсініктері) дәлелдемелерді зерттемеген, нәтижесінде ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін қате қортындылар жасалған. Атап айтқанда, 2009 жылғы 15 сәуірдегі Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылының нотариусы А.Ф.Ибрагимавамен куәландырылған № 167-2436 Сенімді басқару шарты (онан әрі- Мәміле) құрылтайшылар Нүкешова Нұрбатия, Қазыхан Асем Қазыханқызы мен сенімді басқарушы М.Қ.Тұрғанбаевтың арасында жасалған. Мәміленің ережелеріне сәйкес құрылтайшылар сенімді басқарушыға Тарбағатай ауданының жер
Ответ: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотына жазған шағымыңызда, Тарбағатай аудандық сотының 2016 жылғы 13 қазандағы 6358-16-00-2/93 санды шешімімен келіспейтінізді көрсеткенсыз. Тарбағатай аудандық сотының аталған шешімі Сіздің берген апелляциялық шағымыңыз бойынша бiрiншi сатыдағы сотпен 15.11.2016 ж. Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына жіберілген. Апелляциялық қараудың нысанасы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай –АПК) 412 тарауында қарастырылған. АПК-нің 412 бабының талаптарына сәйкес апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, бiрiншi сатыдағы сот шешімінің заңдылығы және негiздiлiгi АПК қарастырылған тәртіппен апелляциялық сатыдағы сотта тексеріледі. Қабылданған сот актісінің көшірмесі АПК-нің 432 бабына сәйкес Сізге жіберіледі.
Статус автора обращения: 
гражданин (физическое лицо)
Категория вопроса : 
гражданское судопроизводство