«Қайырымдылық акциясы өтті»

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

«Қайырымдылық акциясы өтті»

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының №2 аудандық сотында әрбір мейрам күндері көпбалалы отбасыларды, мүгедек жандарды және ардагерлерді құттықтап, оларға сыйлықтар табыстау дәстүрге айналған.

Осы орайда, аталып өткен «Наурыз мерекесі» күні де сот ұжымы Теректі ауылында тұрып жатқан еңбек ардагері К. Сарипованы, зейнеткер Б. Насимованы,  көп балалы ана Қабынәбиқызы Еркінгүлді, көп балалы және аз қамтылған отбасындағы мүгедек бала С. Бодяжинаны салтанатты түрде көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, оларға арнайы әзірленген бағалы сыйлықтар табыстады.

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Серік Жансейітұлының айтуынша осындай қайырымдылық акцияларын өткізу сот ұжымы қызметкерлерінің өмірлік ұстанымдарының және шын жүректен шыққан ниеттерінің көрінісі.

«Қазіргі қоғамдық қатынастардың қарқынды дамуы кезінде өмірдің   ынтымақтастық пен мейірімділік сынды басты құндылықтарын жоғалтпау, әрбір азаматтың парызы» - деді өз сөзінде сот төрағасы.

Күршім ауданының №2

аудандық сотының баспасөз қызметі