Автор жазбалары

Құрметті әріптестер, сот жүйесінің ардагерлері!

Конституция күні - біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Биыл Конституциямыздың қабылданғанына 25 жыл толғалы отыр.

Біз - ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген, еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам құрған, демократиясы өркендеген, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алып отырған елміз.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді 9 мамыр-Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.

Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі  тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!

Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухына сіңірген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарымызға өмірдегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.

Көктем шуағын ала келген төл мерекелеріңіздің қарсаңында Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, биік абырой мен баянды бақыт тілеймін.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді  2019  Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең.

Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2019  жыл Қазақстан Республикасы   үшін бірлік пен береке қанат жайған, тұрақтылық пен татулықты өркендеткен  жемісті жыл болды.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл біз азаттық туын желбіретіп, «Тәуелсіз Мемлекет» атанғанымыздың 27 жылдығын атап өтудеміз. Бұл - Қазақстанның барша халқы үшін  - Ұлы мереке. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстанның сот жүйесі түбегейлі өзгеріп, еліміз құқықтық мемлекет атанды. Жылдан-жылға судьялардың әлеуметтік қорғалуы мен материалды-техникалық қамтамасыз етілуі артуда.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді,  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізді бүкіл әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлелі. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мейрам.

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді 30-тамыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жылы ел тарихында елеулі орын алған, жарқын болашаққа бастау болған, бабалар салған дала өркениетіндегі заң институтының заңды мұрагері Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының 23 жылдығын атап өткелі отырмыз.

Құрметті Шығысқазақстандықтар!

Сіздерді ерлік пен қайсарлықтың мерекелері Ұлы Жеңіс Күні және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Жеңіс Күні – бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке,
майдан мен тылда қажырлылықпен еңбек еткендердің жанқияр ерлігі мен еңселі елдік рухының, қайсарлығының жемісі. Ұлы жеңіс бүгінгі егеменді және тәуелсіз бейбіт өмірге, өскелең ұрпақтың дін-аман өсіп өнуіне жол ашып берді.Осынау ерлікке толы тарихымыз мәңгілік, Отан қорғаушылар жасаған ерліктер ел есінде, уақыт ағысымен жоғалып кетпейді.