«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
Құжаттарды қабылдау
05.03.2022ж – 16.03.2022 ж
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты бойынша: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлық ақысы:
Санаты |
Лауазымы |
Лауазымның деңгейі |
Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы |
|
min |
Max
|
|||
С-О-5
|
Бас маман |
В 4 |
186 632 |
229 492 |
С-R-4 |
Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы |
В 3 |
161 809 |
199 226 |
С-R-4
|
Бас маман |
С 2 |
138 070 |
169 432 |
С-R-4 |
Аға сот приставы |
С 2 |
138 070 |
169 432 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі, 070000, Өскемен қаласы, Уәлиев көшесі, 5, анықтама телефоны 8 (7232) 56-05-27, e-mail: 723-0202@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған жалпы конкурс жариялайды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі:
1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 22.11.2021 ж. бастап 29.05.2024 ж. дейін), (№ 06-1-2-1, №06-1-2-2 аралығы).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес «Құқық» (заңгерлік), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес» саласындағы мамандықтар (экономикалық, қаржылық, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Техникалық ғылымдар және технология» ( машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар) білімі қажет.
Функционалдық міндеттері: Қызметтік автокөліктерге құрал жабдықтар алу, беру және ол бойынша есеп жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есеп дайындау.
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (№ 08-1-1).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы мамандықтар (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгілеу, автоматтандыру және басқару).
Функционалдық міндеттері: Облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарында «Төрелік» бағдарламасының жұмыс істеуі және оның жүргізілуімен пайдалануын бақылау; Шығыс Қазақстан облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарының техникалық құралдарының сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету; облыстық сот төрағасының, Соттар әкімшісі басшысының, оның орынбасарының және бөлім бастығының басқа тапсырмаларын орындау.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
1. Бас маман, С-R-4 санаты, 3 бірлік (№ 08-1-2-1 - № 08-1-2-97 аралығы).
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты кеңсесінің бас маманы– 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 24.07.2021ж.- 02.04.2024 ж. дейін) С-R-4 санаты;
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық соты кеңсесінің бас маманы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 05.01.2021 ж.- 08.06.2023 ж. дейін) С-R-4 санаты;
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық соты кеңсесінің бас маманы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 29.12.2020ж. бастап 02.09.2023 ж. дейін) С-R-4 санаты;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес: «Құқық» саласындағы мамандықтар (заңгерлік, құқық қорғау қызметі) қажет.
Функционалдық міндеттері: Түскен ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алу мен тіркеу және оларды қарау мерзімдердің сақталуын бақылау; аудандық сот төрағасының азаматтарды қабылдауын тіркеу және есепке алу; «Төрелік» бағдарламасындағы электрондық құжаттарды дайындау және мұрағатқа өткізу.
3. Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, С-R-4 санаты, 13 бірлік (№ 08-1-4-1 - № 08-1-4-208 аралығы):
-Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік, С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 28.12.2020 бастап 16.08.2023 дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының № 2 аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік , С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық кеңсесінің соты бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 2 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 16.08.2021 ж. бастап 26.04.2024 дейін, 01.04.2021 ж. бастап 29.12.2023 дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №2 соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 28.10.2021 бастап 24.07.2024 дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 03.06.2021 бастап 27.06.2023 дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 2 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 27.12.2021 ж. бастап 22.08.2024 ж. дейін, 03.01.2022 ж. бастап 11.08.2024 ж. дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 04.10.2021ж. бастап 12.04.2024 ж. дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 07.08.2020ж. бастап 29.04.2023 ж. дейін) С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы– 1 бірлік, С-R-4 санаты;
-Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 01.10.2021 ж. бастап 31.05.2024 ж. дейін) С-R-4 санаты;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес: «Құқық» саласындағы мамандықтар (заңгерлік) немесе «Құқықтану» мамандығы бойынша қажет.
Функционалдық міндеттері: Сот процесстарын ұйымдастыру; сот хаттамасын дайындау; сот процессына қатысушыларды шақырту.
4. Аға сот приставы, С-R-4 санаты, 1 бірлік, (№ 07-1-5-1 - № 07-1-5- 22 аралығы):
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық соты кеңсесі – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес: «Құқық» саласындағы мамандықтар бойынша (заңгерлік, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, кедендік іс), немесе «Құқықтану» немесе «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша қажет.
Функционалдық міндеттері: Сот залында тәртіпті демеу; сот және сотқа қатысушыларды күзету; ықтиярсыз әкелуді орындау.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2.3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi, «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Персоналды басқару бөлімімен (кадр қызметімен) «Е-қызмет» интеграциялық ақпарат жүйесі арқылы кандидаттың:
- құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Құжаттар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылып конкурстық комиссияның қарауына қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-де өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады және мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Соттар әкімшісінің басшысы
О.Е. Мүтәләповқа
Өтініш
Мені _____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________________
e-mail: _________________________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________________________
____________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.