Медиатор тараптарды татуластырды
Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіргені үшін жауапқа тартылған азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Марқакөл ауылының тұрғыны Е. есімді азамат өзінің танысы Л. есімді азаматшаның тұрғын үйінде онымен сөзге келіспей жанжалдасып, ұрып, соңғысына дене жарақатын келтірген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.
Яғни, құқық бұзушы өзінің әрекетімен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының, 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Істі қарау барысында тараптардан татуласу туралы өтініш түскен. Сотқа медиатормен жасалған медиативтік келісім ұсынылып, іс ӘҚБтК-тің 64-бабының талаптарына сәйкес қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Күршім ауданының № 2 аудандық сотының
баспасөз қызметі