Қорғау нұсқамасын бұзған
13/09/2017
Көкпекті аудандық сотында аз.С-қа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қарастырылды.
Азамат С. өзінің үйіне алкогольдік масаң күйінде келіп, әйелі аз-ша Н.-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан, ол осы әрекеттімен ішкі істер органы шығарған қорғау қорғау нұсқамасын бұзған.
Сотта аз-С. өз кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкініп, жәбірленушімен татуласты.
Сот аз.С-ны. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баб бойынша ескерту түрінде әкімшілік жазасын тағайындады.
Көкпекті аудандық сотының
баспасөз қызметі