Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жiберілді
Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының, 5-тармағында (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталағандай, Өзбекістан азаматы Х. Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен келіп, Курчатов қаласының аумағында ақылы қызмет атқарып, көші-қон заңнамасын бұзған.
Сот отырысында Х. Кінәсын толық мойындап, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуін өтінді.
Курчатов қалалық сотының қаулысымен Х. ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу әкімшілік жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Курчатов қалалық сотының
баспасөз қызметі