Соттың шешімін орындамағаны үшін автокөлік жүргізуге берілген куәлік қолданысы тоқтатылды
Зайсан аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысы өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы С.Салықбаеваның борышкер Е.-ге қатысты ұсынымы қаралды.
Сот шешімі негізінде Е.-ден К-нің пайдасына екі баланы асырау үшін барлық тапқан табысынан ай сайын 1/3 бөлігі алимент ретінде өндірілген, 01.04.2017 жылға борышкердің алимент бойынша қарызы 133 905 теңгені құраған.
Сот шешімінің орындалмауы өндіріп алушының құқығының бұзылуы болып табылатындықтан, Е-нің арнаулы автокөлік жүргізу үшін берілген куәлігін Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 39-бабына сәйкес алимент қарызын толық төлеп біткенше тоқтата тұруды сұраған ұсынысы қанағаттандырылды.
Зайсан аудандық сотының шешімі бойынша берешегі өтелгенге дейін Е-нің автокөлік жүргізу үшін берілген куәлігінің қолданысы тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Зайсан аудандық сотының
баспасөз қызметі