«Жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Үржар аудандық сотының судьясы М.Д. Молдабаев «Жекелеген санаттар бойынша  дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін  реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау» атты  тақырыпта  семинар өткізді.

Шараға кәсіби емес медиаторлар  С.А.Жексембаев, М.Х. Саркулов, А.Н.Түрлиев, қорғаушы Ж.З.Рахимова, құқықтық көмек көрсетуші жеке кәсіпкерлер Ә.Серікқазыұлы, А.Аталыков, Г.Тлегенова қатысты.

М.Д.Молдабаев аталған семинар  татуласу рәсімдерін насихаттау мақсатында өткізіліп отырғандығын және азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталған - жоба екенін  нақтылады. Және де бұл медиация рәсімін қолдану қажет болатын даулар (жанжалдар) санатына тоқталып, оның қоғамдағы шиеленістің төмендеуіне әкеліп соқтыратын тиімді жақтарын көрсетті.

Шара соңында семинарға қатысушылар пилоттық жобаны қолдап, оның жүзеге асырылуына дайындықтарын білдірді.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі 

Пікірлер мен ұсыныстар