Жанар-жағар майды қылмыстық жолмен иемденген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аягөз аудандық сотымен К-ні және А-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 196-бабының 3-бөлігі, 2-тармағымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушылар  «Ақбастау-Құсмұрын» кең байыту орталығының жұмысшылары жымқырып сатқан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не тиесілі 2100 литр мөлшеріндегі жанар-жағар майды сатып алған.

Сот үкімімен азамат К. және азамат А. ҚК-нің 196-бабының, 3-бөлігі,  2-тармағымен кінәлі деп танылып, оларға осы баппен екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Аягөз аудандық сотының

баспасөз қызметі