Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округінде ашылған медиация кабинетінде пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Дайыр ауылдық округінде ашылған медиация кабинетінде  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді еңгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Дайыр ауылдық округінің әкімі және кәсіпқой емес медиаторлар  қатысты.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашы Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру  және дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанын, оған сәйкес 2017 жылдың ақпан-шілде айларында азаматтық істер қарайтын барлық аудандық соттар даулардың жекелеген санаттары (баланың тұрығылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, алимент өндіру, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскелерінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару, кондоминимум басқару мәселелері, неке бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісім шарттары, сақтандыру) бойынша міндетті түрде тараптар арасында медиация рәсімдері жүргізілетінін атап өтті. Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Іс-шара соңында сот төрағасы кәсіби емес медиатор Б.Б.Қасенованы медиацияны қолданудағы белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапаттады.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі