Зайсан аудандық сотының төрағасы Қарабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Қарабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесіп, Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында «Медиация - дауды шешудің тиімді жолы» тақырыбында баяндама жасады.

Өз баяндамасында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Жоғары Сотпен Елбасының судьялардың VII съезінде судьялардың алдына қойылған нақты тапсырмаларды іске асыру  және дауларды(жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанын атап өтті. Осыған сәйкес, 2017 жылдың ақпан-шілде айларында азаматтық істер қарайтын барлық аудандық соттар даулардың жекелеген санаттары (баланың тұрығылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, алимент өндіру, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер учаскелерінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару, кондоминимум басқару мәселелері, неке бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру) бойынша міндетті түрде тараптар арасында медиация рәсімдері жүргізіледі. Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатындығын атап көрсетті.

Сондай-ақ, сот төрағасы күнделікті өмірде азаматтардың арасындағы дауларды шешуде «Медиация туралы» Заңының алатын орнына тоқталды.

- Негізінде медиация қазақ жұртына жат нәрсе емес. Атам қазақ ерте заманда жер дауы, жетім дауы, жесір дауы сияқты күрделі дауларды  халықтың беделіне ие болған билерге жүгіну арқылы бітімгершілікпен шешіп отырған, бітімгершілік екі тарапты да қанағаттандырған. Қазақ жұрты қашанда тауып айтқан сөзге тоқтап, үлкеннің айтқан бітімгершілік сөзіне құлақ асып, дауларды бітімгершілікпен шешіп отырған.

Қазіргі заманда соттасу көп уақытты, қомақты қаражатты, адамдардың жүйкесінің төзімділігін қажет ететіндігі белгілі. Осындай келеңсіз жағдайларға түспеу жолы-дауды медиация жолымен сотқа жеткізбей шешу. Күннен күнге медиация заңының қолдану аясы артуда. Мысалы, 2016 жылдың бірінші тоқсанында Зайсан аудандық сотымен медиация тәртібімен барлық қаралған 417 істің 31 немесе 7,4 пайызы медиация тәртібімен қаралса, биылғы жылдың бірінші тоқсанында барлық қаралған 429 істің 48 немесе 11,2 пайызы медиация тәртібімен, яғни бітімгершілікпен шешілген.    

Осыдан шығатын қортынды алдағы уақытта да медиация заңының қолдану аясын одан әрі кеңейту жұмыстарын пәрменді жүргізу керек, ол ортақ міндет. Оған барлық құқық қорғау органдары, атқарушы билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер ат салысуы тиісті. Себебі, дауды ушықтырмай, сотқа жеткізбей медиация тәртібімсен шешу қарапайым халық үшін өте тиімді, әмбе қоғамда әлеуметтік шиленістерді болдырмаудың кепілі болмақ. Бұған барлық дамыған мемлекеттердің тәжірбиесі айғақ. Дамыған мемлекеттерде қоғамда туындайтын даулардың 90 пайызға жуығы сотқа жетпей медиация тәртібімен шешіледі. Сондықтан барша жұртты, қоғамдық ұйымдарды, құқық қорғау органдарын, атқарушы билік өкілдерін Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» заңының қолдану аясын одан әрі аудан көлемінде кеңейту жұмыстарын жүргізуге ат салысады деп үмітенеміз- деді аудандық сот төрағасы.

Іс-шара соңында қатысушылар Жоғары Соттың пилоттық жобасы және "Медиация туралы" Заң бойынша өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптар алды.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі