Зайсан аудандық сотының төрағасы Дайыр ауылдық округінің тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Дайыр ауылдық окургіннің тұғындарымен жұмыс кездесуін өткізіп, оған ауылдық округ әкімі, ауылдық ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрағалары, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Ауылдық округ тұрғындарына соттың төрағасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіріп, Ұлт жоспарындағы бес институционалдық реформасын жүзеге асыру, ауылда медиацияны дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында сот төрағасы кәсіби емес медиатор Б.Б.Қасенованы медиацияны қолданудағы белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, сот төрағасы Дайыр ауылдық округ кеңсесінде азаматтарды қабылдады.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі