Зайсан аудандық сотымен қызылмия тамырын заңсыз жинап, тасымалдаған азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, жеке кәсіпкер азамат С. Зайсан ауданында жабайы өсімдікке жататын, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланатын қызылмияның тамырын заңсыз қазып, жинап, өткізумен айналысқан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат С.  1200 килограмм қызылмия тамырын автокөлікпен заңсыз тасымалдап әкеле жатқан жерінен әшкереленіп, ұсталған.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен азамат С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған қызылмия тамырын мемлекет пайдасына тәркілей отырып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 68 070 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі