Заңсыз балық тасымалдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Зайсан қаласының тұрғыны Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істі қарады.

Полиция  қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында, автокөлікпен 503 килограмм көксерке балығын, ешқандай құжаттарсыз, яғни заңсыз Алматы қаласына тасымалдап бара жатқан Зайсан қаласының тұрғыны Т. ұсталған.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 68070 теңге айыппұл әкімшілік жазасы тағайындалды, 503 килограмм балық өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының

 баспасөз қызметі